12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Биылдан бастап көпбалалы және толық емес отбасынан шыққан балалар колледждерде тегін оқиды

2022 жылы колледжде білім алуға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс саны 10 000 орынға артады. 107 мың қазақстандық студент колледждерде мамандықтарды тегін меңгере алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Білім және ғылым министрлігі таратқан мәліметке сенсек, 9-сынып бітірушілердің барлығы «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында кезең-кезеңімен тегін оқи алады. 

«Биылғы оқу жылында алғаш рет әлеуметтік осал топ санатындағы балалардың колледждерге түсуі үшін тағы үш квота енгізілді. Квота көпбалалы, толық емес отбасынан, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балаларға арналған. Бұрын мұндай мүмкіндік жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға қарастырылған еді. Ауыл жастары да квота бойынша мемлекеттік тапсырысты алады», – деді ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Сонымен қатар білім берудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін министрлік мемлекеттік тапсырыстарды «Ақша студенттің соңынан жүреді» қағидаты бойынша орналастырудың жаңа механизмін әзірледі.

Яғни бұған дейін гранттарды колледждер арасында білім бөлімдері орналастырған болса, енді колледждер арасындағы мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша бөлінеді. 

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...

ҚазҰУ — сапалы білімнің бастауы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-ғасырдан аса тарихы бар, еліміздегі...

ҚазҰУ — ұлттың интеллектуалдық тірегі  және сапалы білімнің жаһандық  моделі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздегі жоғары білім берудің флагманы,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АГРОБИОСТАНЦИЯ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университеті Алматының іргесінде Агробиостанция кешенін ресми түрде...

Торжественное открытие аудитории имени академика Султана Сартаевича Сартаева в КазНУ имени аль-Фараби

В преддверии национального праздника – Дня Республики Казахстан – на юридическом...