Биыл Ұйғыр ауданын газдандыру қолға алынды

2025 жылы Ұйғыр ауданында барлық елді мекендерін газдандыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды alataunews.kz. Бұл туралы Ұйғыр ауданының әкімі Бота Серікқызы Елеусізова Алматы облысының өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.

Аудан орталығы Шонжы ауылында 2 815 жеке тұлға және 126 заңды тұлға орталықтандырылған газға қосылды. Сонымен қатар, әлеуметтік объектілерді де табиғи газға қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, аудан әкімдігінің екі ғимараты 2024 жылдың желтоқсан айында газбен қамтамасыз етілсе, Шонжы ауылындағы №1 және №5 орта мектептері осы жылдың ақпан айында газға қосылмақ.
Қазіргі уақытта, тағы да үш ауылды газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тасқарасу ауылына 504,0 млн.теңге қарастырылып құрылыс монтаж жұмыстары 90 пайызға, Бахар ауылына 223,0 млн.теңге қаражат бөлініп, құрылыс монтаж жұмыстары 95 пайызға аяқталды. (мердігер «РемСтрой» ЖШС-і). Ал Шарын ауылын газдандыруға 1,6 млрд. теңге қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар аяқталып әділет басқармасына тіркелуде (мердігер «МБК Курылыс»).
Аталған жобалар 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, таулы аймақта орналасқан елді мекендерді табиғи газ құбырына қосу мақсатында автоматтандырылған газ тарату стансасын салуға жобалық сметалық құжаттама даярлауға 136,9 млн тенге қаражат бөлінді. 1 кезеңде Кіші дихан, Үлкен дихан, Қалжат, Кетпен ауылдарына газ құбырын тарту көзделді. Қалған елді мекендерді газдандыру кезең кезеңімен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар Шонжы ауылындағы көп қабатты тұрғын үйлерді жылумен жабдықтауға арналған автономды Блокты-модульді қазандық салуға- 135,0 млн тенге қаражат бөлінді.

Қоғамдық орын ластанған: Түркістан облысында 5 тонна қоқыс тастаған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын...

Профилактические работы в сфере законодательства о государственной службе

Сегодня Департаментом Агентства по делам государственной службы по г.Алматы...

Борьба с киберпреступностью

СИСТЕМНАЯ ПРОФИЛАКТИКА ИНТЕРНЕТ-ОБМАНА В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ НАБИРАЕТ ОБОРОТЫ. МЕСТНАЯ...

Реализация проектов в действии

В ХОДЕ РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКИ АКИМ ОБЛАСТИ АБАЙ БЕРИК УАЛИ...

К 100-летию выдающегося режиссера

ТОРЖЕСТВЕННОЕ ОТКРЫТИЕ МЕРОПРИЯТИЙ, ПОСВЯЩЕННЫХ 100-ЛЕТИЮ ВЫДАЮЩЕГОСЯ КАЗАХСКОГО РЕЖИССЕРА, ЗАСЛУЖЕННОГО...