12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Биыл Ұйғыр ауданын газдандыру қолға алынды

2025 жылы Ұйғыр ауданында барлық елді мекендерін газдандыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды alataunews.kz. Бұл туралы Ұйғыр ауданының әкімі Бота Серікқызы Елеусізова Алматы облысының өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.

Аудан орталығы Шонжы ауылында 2 815 жеке тұлға және 126 заңды тұлға орталықтандырылған газға қосылды. Сонымен қатар, әлеуметтік объектілерді де табиғи газға қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, аудан әкімдігінің екі ғимараты 2024 жылдың желтоқсан айында газбен қамтамасыз етілсе, Шонжы ауылындағы №1 және №5 орта мектептері осы жылдың ақпан айында газға қосылмақ.
Қазіргі уақытта, тағы да үш ауылды газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тасқарасу ауылына 504,0 млн.теңге қарастырылып құрылыс монтаж жұмыстары 90 пайызға, Бахар ауылына 223,0 млн.теңге қаражат бөлініп, құрылыс монтаж жұмыстары 95 пайызға аяқталды. (мердігер «РемСтрой» ЖШС-і). Ал Шарын ауылын газдандыруға 1,6 млрд. теңге қаражат бөлініп, тиісті жұмыстар аяқталып әділет басқармасына тіркелуде (мердігер «МБК Курылыс»).
Аталған жобалар 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, таулы аймақта орналасқан елді мекендерді табиғи газ құбырына қосу мақсатында автоматтандырылған газ тарату стансасын салуға жобалық сметалық құжаттама даярлауға 136,9 млн тенге қаражат бөлінді. 1 кезеңде Кіші дихан, Үлкен дихан, Қалжат, Кетпен ауылдарына газ құбырын тарту көзделді. Қалған елді мекендерді газдандыру кезең кезеңімен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар Шонжы ауылындағы көп қабатты тұрғын үйлерді жылумен жабдықтауға арналған автономды Блокты-модульді қазандық салуға- 135,0 млн тенге қаражат бөлінді.

Алматы облысы ауыл шаруашылығы саласы бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде

Алматы облысы Ұйғыр ауданы ауылшаруашылыққа бейім өңір болғандықтан бау-бақша...

Профилактические работы в сфере законодательства о государственной службе

Сегодня Департаментом по делам государственной службы по г.Алматы совместно...

Арманын ақиқатқа айналдырған маман

Мамандықтың қиындығына қарамастан қылмыстық –атқару жүйесі саласында қызмет атқарып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру...

Восстановление прав услугополучателей является одним из приоритетных направлений

Одним из приоритетных направлений деятельности Департамента Агентства РК по...