12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Биыл елордалықтар мереке күндеріне қандай ақшалай төлем алады

Қаржылай көмек алушылар арасында мүгедектер, көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер, жетім балалар және тағы басқалары бар.

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының кейбір санаттарына 2022 жылы мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға елорданың жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек басқармасы айтты.

2,5 АЕК (7 657 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек мына санаттағы азаматтарға төленеді:

4 ақпан (Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні) – әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға, қатерлі ісікке шалдыққан балаларға;

8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) – көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, соның ішінде тұрмысы төмен отбасыларға;

21-23 наурыз (Наурыз) – ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға;

7 мамыр (Отан қорғаушылар күні) – Қазақстан алдындағы айрықша еңбегі үшін зейнетақы алатындар қатарындағы зейнет жасындағы адамдарға;

31 мамыр (Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні) – саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болған саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендерге;

1 маусым (Балаларды қорғау күні) – жетім балаларға;

30 тамыз (Конституция күні) – Семей полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккендерге, соның ішінде ядролық сынақтардан келген шығын үшін біржолғы өтемақы алатындар мен зейнеткерлерге;

1 қазан (Қарттар күні) – ең төмен зейнетақы алатын, зейнет жасына байланысты зейнетке шыққандар мен зейнет жасындағы адамдарға;

қазан айының екінші жексенбісі (Мүгедектер күні) – мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

1 желтоқсан (Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні) – әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын, ВИЧ-ке шалдыққан азаматтарға;

16 желтоқсан (Тәуелсіздік күні) – «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңда белгіленген тәртіппен ақталған, 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына;

Бұған қоса, тұрмысы төмен азаматтарға 1 желтоқсанға (Тұңғыш президент күні) орай 4,5 АЕК (13 784 теңге) беріледі.

Осуждённым показали социальные видеоролики о заботе, уважении и любви

В области Абай в учреждении максимальной безопасности сотрудники отдела...

Жабық кабинетте емес, елдің көзінше жазылды: Ерлан Қарин жаңа Конституцияны әзірлеудің ерекшелігін атады

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы...

Алматыда «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МҰРАТЫ» монографиясы жарық көрді

2026 жылдың 25 ақпанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық...

Нефтяники Мангистауской области поддерживают новую Конституцию

Трудовые коллективы нефтедобывающих предприятий Мангистауской области - АО «Озенмунайгаз»,...