Биыл елімізде төтенше және шұғыл жағдайлар үшін 36 млрд теңге қарастырылған

2021 жылы Қазақстанда төтенше және шұғыл жағдайлардың алдын алу мен оны жою үшін 36 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Әмрин мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Су басу қаупі аз өңірлерден қосымша резервтік топтар жасақталды. Олардың жалпы саны 1047 адам, 121 техника, 47 жүзу құралы және 127 мотопомпа. Сондай-ақ Көкшетау техникалық институтының жиынтық жасағы мен «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары жоғары дайындыққа келтірілді. Зардап шеккен халыққа палаталы лагерь орнату үшін Төтенше жағдайлар министрлігі жедел резервінің мүлкі мен техникасы дайындалды. Биыл төтенше және шұғыл жағдай резерві үшін әкімдіктерде 36 млрд теңге қарастырылған», — деді Рустамбек Әмрин ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Департамент басшысының сөзіне сенсек, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында су тасқынының алдын алу жұмыстары белсенді жүріп жатыр.

«Зардап шеккен халыққа палаталы лагерь орнату үшін Төтенше жағдайлар министрлігі жедел резервінің мүлкі мен техникасы дайындалды», — дейді ол.

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...