12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Биыл Ата Заңымызға — 30 жыл!

Биыл еліміздің Ата заңының қабылданғанына – 30 жыл. Еліміздің Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын. Қазақстан Республикасының Ата заңы кіріспеден және 10 бөлім мен 99 баптан тұрады. Осы жылдар ішінде қазақстандықтардың құқығы мен бостандығының кепіліне айналған басты құжат өз миссиясын адал атқарып келеді. Ата Заңда жазылған әрбір қағидат – қоғамды әділдікке, теңдікке және заң үстемдігіне жетелейтін жол. Бұл құжат Қазақстанның саяси жүйесін жаңартуға, демократиялық қағидаттарды нығайтуға мүмкіндік берді.

Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы қабылданды. Ал қазіргі қолданыстағы Ата Заң 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданып, содан бері бұл күн мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі. Соңғы 30 жыл ішінде Конституцияға бірнеше рет түзетулер енгізілді. Оның ішінде ең ірілері:

1998 жыл– Парламент пен Үкімет өкілеттіктеріне қатысты өзгерістер;

2007 жыл– Парламенттің рөлін күшейту, саяси партиялардың мәртебесін арттыру;

2017 жыл– билік тармақтарының өкілеттігін қайта бөлу;

2022 жыл– бүкілхалықтық референдум арқылы суперпрезиденттік жүйеден президенттік-парламенттік модельге көшу, өлім жазасын жою, Конституциялық соттың қайта құрылуы, жердің халыққа тиесілі екендігі жөніндегі норма.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады.Осы отыз жылда еліміз әр салада табысқа жетіп, халықаралық аренада беделіміз биіктеп, айымыз оңынан туған. Оның арқасында ел ішінде заң үстемдігі орнап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нақты айқындалып, халықтың мемлекетке деген сенімі нығая түсті.
Бұл – тарихтың тезінен өткен, замана сындарынан сүрінбей шыққан Конституцияның өміршеңдігі мен тұғырлылығының айғағы.
Конституция – бұл жай ғана баптар мен тармақтар тізбегі емес, бұл – ұлттың сан ғасырлық тілегі мен еңселді елді аңсаған жүрегінен хабар беріп, тағдырына мөр басқан қасиетті құжат. Оның әр жолында елдің үні, халықтың тілі, ата-бабаның аманаты бар.
Сондықтан да, бұл заң – заманның заңы ғана емес, бабалардың аманатын арқалаған, ата-баба өсиетін ұрпаққа мирас етіп жеткізген құжат.

Жұбатыров Жанмедет Сабитұлы, қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Права государственных служащих – приоритетное направление 

С первых дней Независимости Казахстан уделяет особое внимание формированию...

Неоправданные риски

По данным акимата ВосточноКазахстанской области, в прошлом году за...

Путешествие за гранью времени

Столица Казахстана – это город, гармонично сочетающий современные технологии...

Библиотеки и цифровые технологии

Вопросы внедрения цифровых технологий и искусственного интеллекта, развития культуры...

Диалог – основа социального порядка

В динамичной жизни современного мегаполиса, каким является Шымкент, особую...