12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Биыл 170 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады

Биыл «Алтын белгі» төсбелгісіне 8 139 түлек үміткер. 2022 жылы елімізде жалпы 3,5 миллионан астам оқушыға соңғы қоңырау соғылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Білім және ғылым министрлігі «ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» бітіру іс-шараларын өткізу бойынша әзірлеген ұсыныстарын таныстырды.

Биыл эпидемиологиялық жағдай мектеппен қоштасу мерекесін өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Алайда ол міндетті түрде мектеп қабырғасында ұйымдастырылуы керек. Білім беру ұйымдары барлық қажетті ұсыныс пен нұсқауды алды. 2022 жылы елімізде 3,5 млн-нан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Биыл «Алтын белгі» төсбелгісіне 8 139 түлек үміткер. Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова

Осы орайда Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы мұғалімге гүл сыйлау туралы мәселені де тілге тиек етіп өтті.

Жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында қоғамда «Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма және бұл заң бұзушылық болып саналмай ма?» деген сұрақ туындайды. Біздің ұстанымымыз — иә, болады. Бұл жақсы дәстүр ғой. Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова

Ведомство республиканың барлық жалпы білім беретін мектебінде соңғы қоңырау мерекесін бір мезгілде өткізу жоспарланғанын хабарлады

Оған мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер және олардың ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері, демеуші ұйымдардың, Білім және ғылым министрлігі мен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының өкілдері, білім бөлімдері, мүдделі мемлекеттік органдар және т.б. қатыса алады. Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова

Білім министрлігі мектеп бітіру кешін білім беру ұйымы өзі ұйымдастырып, өткізуі керек екенін атап өтті.

Бітіру кешінде мынандай шараларға тыйым салынады:

  • аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақылы жеке студияларды тартуға;
  • мерекелік дастархандар жаюға;
  • жалға берілетін автокөліктерді тарта отырып, қала (аудан) бойынша экскурсиялар өткізуге;
  • мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға;
  • ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға.

Қазақстанның барлық мектебінде «Соңғы қоңырау» мерекесі 2022 жылғы 25 мамырда өтетінін еске сала кетейік. Ал аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі 2022 жылғы 16-17 маусымда өтеді.

ҚазҰУ студенттері су мәселесі талқылады

  Қазақстан Республикасының тұрақты даму саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес,...

ҚазҰУ студенттерінің белсенді өмірі

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек жоғары білім...

ҚазҰУ-сапалы білім берудің үлгісі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстандағы...

ҚазҰУ-еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелейтін оқу ордасы

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстанның...

ҚазҰУ студенттері кедейлік мәселесін талқылады

Кедейлік-жалпыұлттық өзекті мәселе        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң...