Биткоин бағамы алғаш рет 100 мың доллардан асты

Биткоин бағасы тарихи максимумды жаңартып, алғаш рет 100 мың доллардан асты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Криптовалюта саудасының көлемі бойынша ең ірі биржа Binance платформасында биткоиннің бағасы 7 пайыздан астамға өсіп, 103 мың долларға жетті. Астана уақыты бойынша, сағат 08:45-те криптовалютаның құны 103 153 доллар болды.

Еске сала кетейік, АҚШ-тағы президенттік сайлауда Дональд Трамп жеңіске жеткеннен кейін биткоин бағасы бірнеше рет рекорд жаңартқан болатын. Әлемдегі ең танымал криптовалюта жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш – 38 505 доллардан екі есе өсіп, жоғарылады. Бұл Трамптың өз сайлауалды кампаниясы кезінде цифрлық активтерді қолдап, АҚШ-ты «планетаның криптоастанасына» айналдыруға және ұлттық биткоин қорын жинақтауға уәде бергенімен байланысты.

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылы қорытындыланды

Астанада Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының жабылу салтанаты...

2027 жылы қажылыққа Қазақстаннан қанша адам бара алады?

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын...

Азия ойындарында аяқ киім үшін алтын жүлдеден қағылған спортшыға пәтер берілді

Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін Ясмина Тоқсанбаеваға...

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...