12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бітімгершіліктің бүгінгі көрінісі – медиация

Ежелгі Қытай ойшылы Лао-цзы «Адамдардың заңы: жақсылық құру және ұрыс, дау-дамайдан аулақ болу» деген екен. Қазақтың байырғы заңдарының өзі ізгілік пен өзара келісімді басшылыққа ала отырып жасалғаны тарихтан белгілі. Ел мен елді елдестіруді, дау-жанжалды бейбіт шешуді, адамдар арасындағы татулық пен сыйластықты сақтауды басты ұстанымына айналдырған қазақтың құқықтық әліппесі түрмесіз-ақ тәртіп орнатудың ғажайып үлгісі. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз Тәукенің жеті жарғысын» қарағанда бабаларымыздың кез келген мәселеде елдің ынтымағын, бірлігін биік қойғанын бағамдайсың. «Дау мұраты – бітім» екенін тасқа қашап таңбалаған ата-бабамыздың құқықтық дәстүрі бүгінде жаңғырып, өзгеше сипатқа ие болған. Бітімнің бүгінгі жалғасы – медиация.

«Медиация туралы» заң 2011 жылы қабылданғаны мәлім. Аты ерекше заңның ол тұста затына үңілгендер көп болған жоқ. Содан болар, қазақтың бітімгершілік дәстүрін жаңғыртқан, жаңа заман талабына сай үйлестірген заң алғашқы кезде көпшіліктің қолдауына ие бола қойған жоқ. Медиацияның маңызын түсіндіріп, медиаторларға жол сілтеген жандарға да күмәнмен қарады. Бірақ, сот саласында жүргізілген ауқымды шаралардың нәтижесінде медиацияның тиімділігіне, ұтымды тұстарына көпшіліктің көзі жетті. Мұндай нәтижеге жету үшін сот саласында кешенді іс-шаралар қолға алынды.

Біріншіден, әрбір сот, әрбір судья медиацияның маңызын, медиативтік келісімнің артықшылығын, мәмілеге келудің тәртібін түсіндіріп, жаңа институтты насихаттау барысында тынбай еңбек етті. Яғни, заңның ақпараттық, түсіндіру тетіктері мейлінше кең жүргізілді.

Екіншіден, медиацияны алға жетелейтін – кәсіби және кәсіби емес медиаторлар. Алғашқы кезде азаматтарда медиатор деген маманның не атқаратыны, қандай міндетті жүзеге асыратыны туралы түсінік те жоқ еді. Жоғарғы Соттың бастамасымен республикадағы барлық соттар білікті, білімді медиаторлар құрамын жасақтауға бел шеше кірісті. Елге сөзін өткізе алатын, тараптарға айтқанын тыңдата алатын ауылдың беделді тұлғаларын медиаторлыққа тартуға күш салды. Сонымен бірге, медиаторлардың тізімін жасап, олар еркін қзмет етуі үшін сот ғимараттарынан арнайы кабинет, бұрыштар бөлді. Мұның да медиативтік келісімдердің көбеюіне әсері мол.

Үшіншіден, медиацияны дамытуға ықпал ете алатын мекемелер мен сот арасында меморандумдар жасалды. Әкімдік, ассамблея, мектеп, кәсіподақ, кәсіпкерлер палатасымен жасалған меморандумдар да көп уақыт өтпей оң нәтижесін берді. Сотпен бірге бұл құрылымдар да медиацияны насихаттауға атсалысып, дауласқан тараптарды татуластыруға белсене кірісті.

Төртіншіден, аймақтарда ақсақалдар кеңесі, Билер кеңесі құрылып, өз жұмысын бастады. Бұл қадам ел ішіндегі үлкендердің беделін көтеріп, дау-дамайларды сотқа жеткізбей шешуге ықпалын тигізді.

Медиацияны дамыту мақсатында заңнамаларға толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені де заман талабы. Соның арқасында татуластыру рәсімдері кеңейіп, тараптарды ортақ келісімге келтіруге медиаторлармен қатар, адвокаттар да атсалысатын болды. Осы ауқымды шаралардың басында тұрған Жоғарғы Сот екені белгілі. Бүгінге дейін Жоғарғы Соттың бастамасымен татуластыру тетіктерін кеңейтіп, азаматтарды бітімге келуге үндеу мақсатында, дауды сотқа дейін, сот процесінде шешу үшін қолға алынған жобалар да баршылық. Мұның барлығы бүгінде ел ішіндегі даукестікті төмендетіп, сот жүктемесін азайтуға, ортақ келесімге келетін азаматтардың қатарын көбейтуге әсерін тигізіп отырғаны қуантады.

Жанар Абдрахманова,

Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы

Кассациялық соттың маңыздылығы

Жоғарғы Сот төрелікке деген сенімді одан ары арттыру мақсатында...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

        Сыбайлас жемқорлық ‑ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...

Кассациялық сот құру – қоғам талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйек айында отандық...

ӘСКЕРИ СОТТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ-СУДЬЯ

«Ақын болу – өз еркің, адам болу – міндетің» деген нақыл сөзді «мамандық таңдау – өз еркің, адал болу – міндетің» деп жалғастырар ем!» Бұл еліміздің құрметті доғарыстағы судьясы Тұрсын Әбсағитқызы Мұқышеваның жүрекжарды сөзі. Заң саласындағы қырық жылға жуық еңбек өтілінің 21 жылы сот төрелігін жүргізуге арналған Тұрсын Әбсағитқызы әскери сот саласында қызмет еткен алғашқы қазақ әйелі.