12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бітімгершілік — бірліктің бастауы

Дауларды шешудің балама тәсілдерін дамыту, оның ішінде бітімгершілік процедурасы азаматтардың бұзылған құқығын қалпына келтірудегі мемлекеттің негізгі бағыттары болып табылады.
Медиация –бұл дауласушы тараптардың дау жанжалды екі жаққа да тиімді жолмен бітімгершілік келісім арқылы шешуі. Дауласушы тараптардың ерікті түрде келісімге келуі, әрі келген келісім екі жаққа тиімді, уақытылы орындалуы түгел қамтылып келісім жазбаша нысанда жасалады және тараптар қол қояды және сотқа ұсынады. Аталған келісім сот отырысында тараптардың қатысуымен қатыса алмаған жағдайда өзінің қатысуынсыз қарау туралы сотқа арыз жолдағанда ғана бекітіледі. Бітімгершілік келісімін бекіту кезінде медиатордың ролі ерекше. Медиаторлар екі түрге бөлінеді: профессионал және профессионал емес медиаторлар.Медиациялық келісім кезінде тараптар медиатор таңдауда ерікті. Өздері қалаған медиатордың қатысуымен екі тарап ерікті түрде келісімге келеді. Медиатор дау жанжалға қатысы жоқ, екі тараптың да көңілінен шығатын шешім табуға, ортақ мәмілеге келугетырысатын тұлға. Медиатор тараптарға кінәлі адамды табу немесе өз айтқанының дұрыстығын дәлелдеуемес ортақшешімге келу қажеттігін түсіндіруші болып табылады.
Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін. Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауы және заңға қайшы келмеу қажеті.Татуласу келісімін сот бекітеді.
Ұлт жоспарын іске асыруда «дауларды шешудің балама тәсілдерін дамыту, оның ішінде бітімгершілік процедурасы азаматтардың бұзылған құқығын қалпына келтіру мемлекеттің негізгі бағыттары екенін» атап өткен болатын. Сондықтан сотқа жеткізбей шешу жолын қарастырып, сот тарапынан да ықпал ету қажеттілігі туып отыр. Қазіргі заман талабына сай, шешім шығарудан бұрын медиациялық келісім, партисативтік келісім, бітімгершілік институттарының дамуына ерекше көңіл бөлуі қажет. Бұл ретте айта кететін жайт азаматтық процестік кодекстің бір тарауы толығымен осы татуласу рәсімдеріне арналуы, сонымен қатар осы заң аясында, медиатор қызметін судьялардың да атқара алатындығы. Егер сот отырысы барысында судья шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін тараптар татуласуға ниет білдіріп, осы татуласу рәсімін сот төрағалығын жүргізіп отырған судьяның өткізуін талап етсе, онда іс басқа судьяның қарауынаөтуі                                                            
Алайда, тараптар сол судьяның өткізіп және істі аяқтауын жазбаша түрде сұрайтын болса сол судьяның осы істі татуласу тәртібімен аяқтауына мүмкіндігі бар. Медициямен аяқталған істер бойынша салық кодексінің 548- бабына сай, сотқа төленген баж салымдары қайтарылатынын ескерсек, бұл жеке және заңды тұлғалардың уақытын ғана үнемдеп коймай, бүгінгі дағдарыс кезеңінде артық шығын шығармаудың да тиімді тәсілі екені сөзсіз.
Сонымен қатар, елімізде сотталған азаматтардың санын азайтуда, қоғамда дау-дамайдың азаюына және соттардың жүктемелерінің кемуіне де өз әсерін тигізуде.

Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маман — сот отырысының хатшысы А.Бөртебай

Әкімшілік әділет-жаңашылдық жаршысы

Мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттерінен дау туындаған кезде қарапайым...

Сотрудники УИС с председателем Совета ветеранов вручили своим старшим коллегам подарки

Сотрудники УИС с председателем Совета ветеранов вручили своим старшим...

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы аға әріптестері...

Кәсіби заңгерлерді дайындау әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің маңызды мақсаттарының бірі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылыми-білім беру әлеуеті жоғары...

Алматы облысының сотталғандары көрмеге барды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №49 мекемесінде сотталғандардың...