«Бітімгершілік — биік адамгершілік іс»

Бүгінгі таңда дауларды шешудегі маңызды рәсімдердің бірі татуластыру рәсімдері болып табылады.
Сот төрелігінің негізгі мақсаты заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын сақтай отырып, дауларды шешу екені мәлім.
Қазіргі жағдайда сот көптеген міндеттерді шешеді, олардың ішінде бастысы — іс жүргізу құқығының барлық принциптерін сақтай отырып, істі сапалы және уақытында қарау. Мұндай міндеттерді шешудің құралдарының бірі-татуластыру рәсімдері, олардың арасында сот татуласуы ерекше маңызға ие.
Басқа татуластыру рәсімдерінен айырмашылығы, сот татуласуы соттың тікелей қатысуымен, оның бақылауымен, ең алдымен сот татуласу келесі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған: еріктілік, ынтымақтастық, теңдік, құпиялылық.
Татуластыру рәсімдерінің үш түрі көзделген: біріншісі — тараптар арасындағы дауды ерікті түрде реттеудің классикалық үлгісі ретінде «бітімгершілік келісім»; екіншісі- «медиация», үшіншісі — адвокаттардың міндетті қатысуымен «партисипативтік рәсім».
Тараптардың татуласуы істі қарауының кез келген кезеңінде мүмкін.
Бітімгершілік келісім бұл тараптардың дауын тоқтататын, олар үшін қолайлы шарттар (жеңілдіктер) арқылы өздерінің құқықтық қатынастарындағы сұрақтарын шешетін шарт деп түсінуге болады.
Басқаша айтқанда, бітімгершілік келісім-бұл тараптар сот дауын тоқтатып, жаңа құқықтар мен міндеттерді белгілейтін келісім.
Сот кеңесу бөлмесіне шыққанға дейін бітімгершілік келісім жасалуы мүмкін. Бітімгершілік келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды, онда оны орындау мерзімі мен тәртібін көрсете отырып, бітімгершілік келісімді мәжбүрлеп орындау шарттары, сондай-ақ заңға қайшы келмейтін тараптар келіскен өзге де шарттар қамтылу қажет.
Істі сот талқылауына дайындау сатысында да судья тараптарды татуластыруға бағытталған шараларды қабылдайды, тараптардың дауды бейбіт жолмен шешу арқылы процесті аяқтауға қалауы бар-жоғын анықтайды.
Дауды бейбіт жолмен шешуге бастама көтере отырып, сот оны мемлекеттік мәжбүрлеусіз және тараптар үшін өзара қолайлы жағдайларда шешуге ықпал етеді.
Әкімшілік процесте тараптардың татуласуы сот практикасына оң әсер етеді және тараптар арасындағы татуласуға қол жеткізу үшін кеңейтілген мүмкіндіктер береді.
Татуласу туындаған даудағы екі тараптың және де істің барлық қатысушыларының мүдделерін барынша қанағаттандыру мақсатына жетуге бағытталған.
Ел ішіндегі береке-бірлікті сақтап, ынтымақты нығайту үшін дауласудың емес, татуласудың көп болғаны жақсы.

Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маманы — сот отырысының хатшысы Абдыхалық Б.Ә.

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...

Реформалар жұмыс сапасын жақсартуды көздейді

Мемлекет басшысы айтқандай «Әділ сот мемлекеттің берік тірегі ретінде...

Сот отырысының хатшысы болу – жауапты міндет

Сот төрелігін жүзеге асыруда судьяның қызметімен қатар, сот отырысының...

Жошы  Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеудің жаңа кезеңі басталды

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Жошы...