Бітімге келу – ұтымды шешім

Қоғамда туындайтын кез келген дау мен келіспеушілік адамдар арасындағы қарым-қатынастың күрделілігін көрсетеді. Ондай сәттерде әр тарап өз мүддесін қорғауға тырысады. Алайда дау-дамайдың ұзаққа созылуы, әсіресе, сотқа дейін жетуі тараптардың уақыты мен қаражатын ғана емес, жүйке-жүйесін де сарқып тастайды. Осындай жағдайда бітімге келу – ең ұтымды, ең парасатты шешімдердің бірі болмақ.

Бітім – тек мәміле емес, түсіністік белгісі

Бітімге келу дегеніміз – тек екі тараптың өзара келісімге келуі ғана емес, бұл – түсіністікке ұмтылу, сабыр мен салиқалылықтың көрінісі. Кикілжіңді бейбіт жолмен шешу – өркениетті қоғамның белгісі. Екі жақ та өз ұстанымдарынан толықтай бас тартпай-ақ, ортақ мүдде таба алады. Осы арқылы қарым-қатынасты сақтап қалады, әрі болашақта туындауы мүмкін дау-жанжалдардың алдын алады.

Соттан тыс шешім – уақыт пен ресурс үнемі

Сот процесі – көп жағдайда ұзақ әрі күрделі үдеріс. Заңгерлік көмекке жүгіну, құжаттар дайындау, бірнеше тыңдалымдарға қатысу – бұның бәрі тараптардан шыдамдылық пен мол қаражат талап етеді. Ал егер дау бітім арқылы шешілсе, бұл барлық тарап үшін тиімді. Әсіресе, азаматтық істер мен отбасылық дауларда бітімгерлік – ең гуманистік жол.


С. Абсаматов

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...