Бішкектегі наразылық: Пәкістан мен Қырғызстанның сыртқы істер министрлері Астанада кездеседі

Пәкістан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері Бішкектегі наразылық акциясынан кейін Астанада кездесу өткізеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kg сайтына сілтеме жасап.

«Қырғызстан мен Пәкістанның сыртқы істер министрлері 21 мамырда Астанада кездеседі», — делінген Қырғызстан мен Пәкістан дипломаттарының болған наразылықтарға байланысты кездесуінен кейінгі хабарламалардың бірінде.

Айта кетейік, 17 мамырда жүздеген қырғыз жігіті Бішкектегі шетелдік студенттер, оның ішінде Пәкістан мен Үндістан азаматтары тұратын ғимараттарға шабуыл жасаған болатын. Пәкістан елшілігінің мәліметінше, Үндістан, Пәкістан және Бангладеш студенттері тұратын медициналық университеттердің бірнеше жатақханасына шабуыл жасалған. Қырғызстандағы тәртіпсіздіктер салдарынан бірнеше пәкістандық зардап шекті.

Deutsche Welle мәліметінше, оқиғадан кейін Қырғызстандағы Пәкістан мен Үндістан елшіліктері өз азаматтарын үйлерінен шықпауға шақырған. Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мумтаз Балоч төрт Пәкістан азаматына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне шығарылды, ал тағы біреуі жақ сүйегінен жарақат алып емделіп жатқанын айтты. Қырғызстандағы шабуылдардан пәкістандықтардың қаза тапқаны әзірге белгісіз.

«Қырғызстан Пәкістан студенттері мен Қырғыз Республикасында тұратын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараны қолдануға мәжбүр болды», — деп хабарлады Пәкістан Сыртқы істер министрлігі.

Еске салайық, 18 мамырға қараған түні Қырғызстан астанасында жергілікті тұрғындар мен шетелдіктер арасында тәртіпсіздіктер болған. Бірнеше адам зардап шеккен.

Бұған 13 мамырда жергілікті тұрғындардың жатақханада шетелдік студенттерге шабуыл жасағаны себеп болған.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.