Бишімбаевтың тағдырын негізгі үш сұрақ шешеді

6 мамырда өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов сотта соңғы сөзін айтты. Бүгін, 10 мамырда сағат 10:00-де айыпталушылардың тағдырын шешетін сұрақтар құрылып, тұжырымдалады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 653-бабы 1-бөлігіне сәйкес, алқабилер алқасы сұрақтарды талқылау және құрастыру кезінде сот отырысы залынан шығарылады.

Адвокат Данияр Байғабатовтың айтуынша, ҚПК кодекстің 653-бабы екінші бөлігіне сәйкес, әрбір тарап қойылған сұрақтардың мазмұны мен тұжырымы бойынша өз пікірлерін білдіріп, жаңа сұрақтар қою бойынша ұсыныстарын енгізеді.

Судья тараптардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, кеңесу бөлмесінде сұрақтарды түпкілікті тұжырымдап, оларды сұрақ парағына енгізеді және оған қол қояды. Сот отырысы залына қайтып келгеннен кейін судья тараптардың және алқабилердің қатысуымен сұрақтар парағын оқиды.

Осыдан кейін сұрақтардың тұжырымын өзгертуге, сұрақ парағынан сұрақтарды алып тастауға немесе оған жаңа сұрақтарды енгізуге жол берілмейді.

«Әрбір сотталушыға қатысты келесі үш сұрақ қойылады:

  • әрекет болғаны дәлелденді ме;
  • сотталушы бұл әрекетті жасағаны дәлелденді ме;
  • сотталушы бұл әрекетке кінәлі ме.

Айтпақшы, адам өлтіру, ерекше қатыгездікпен өлтіру, бұзақылық немесе пайдакүнемдік ниетпен өлтіру, кенеттен күшті эмоционалдық толқу жағдайында адам өлтіру, қажетті қорғаныс шегінен шыққанда, зорлау, тонау және т.б. жағдайда адам өлтіру сияқты нақты құқықтық терминдерді қолданып сұрақтар қоюға жол берілмейді», — деп түсіндірді адвокат.

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.

Енді “ГПХ“ рәсімдеуге болмайды: Сенат заң қабылданды

Құжат еңбек қатынастарын реттеуге және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға қатысты бірқатар өзгерістерді қарастырады. Атап айтқанда, заң іс жүзінде еңбек қатынастарын реттейтін жағдайларда азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды (АҚС) жасасуға тыйым салады.

Жасанды интеллект университеті биыл алғашқы студенттерін қабылдай бастайды 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект университетін ашу жоспары туралы мәлімдеді.

Мұғалімдерге әлеуметтік желі жүргізу міндетті ме? – Министрлік жауап берді 

Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте педагогтердің әлеуметтік желілерді жүргізуіне қатысты мәселеге түсінік берді.

Елімізде табыстың көп бөлігі азық-түлікке жұмсалады 

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың төртінші тоқсаны бойынша үй шаруашылықтарына жүргізілген сауалнама нәтижесін жариялады.