12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бишімбаевқа қандай айып тағылған және екінші айыпталушы кім?

Астана сотының баспасөз қызметі Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс материалдары сотқа қандай баптар бойынша түскенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылдың 26 ​​ақпанында Астана Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына күдікті Бишімбаев Қ. мен Байжанов Б-ға қатысты қылмыстық іс түскен.

«Күдікті Қ. Бишімбаевқа ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы «Аса қатыгездiкпен жасалған адам өлтіру», ҚР ҚК-нің 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы «Көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты қинау» бойынша айып тағылып отыр. Күдікті Б. Байжановқа ҚР ҚК-нің 432-бабы «Қылмысты жасырып қалу» және ҚР ҚК-нің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша айыпталып отыр», — деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Астана сотының баспасөз қызметі мәліметінше, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 319-бабына сәйкес судья бес тәуліктен кешіктірмей істі сот талқылауына қабылдау туралы мәселені шешеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» ескерткішіне құрмет гүлін қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды,

Елімізде қанша ҰОС ардагері бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар екені белгілі болды.

ҰОС ардагерлерінің құрметіне Алматыда қандай көшелер аталған?

Алматыда 110 көше Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімімен аталады. Оның ішінде 94 көше Кеңес Одағының Батырларының есімімен аталған.

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті

Астанадағы "Қазақ елі" монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады.