12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бишімбаев мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланбайды — ІІМ

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жүргізуші куәлігінен айырылмайды. Ол бұған дейін сотта мас күйде көлік тізгініне отырғанын мойындаған еді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz-ке ресми жауапта Бишімбаев алкогольге, есірткіге мас екенін дәлелдейтін куәландырудан өтпегені айтылған. Сондай-ақ, ІІМ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 608-бабы бойынша құқықбұзушылықтың құрамдас бөлігі мас күйде көлік тізгіндеу екенін еске салды.

«Медициналық куәландырудың ресми қорытындысы және ӘҚБтК-нің 608-бабында көзделген құқықбұзушылық құрамы болмаған, сондай-ақ, жауапқа тартудың мерзімі өткен кезде (ӘҚБтК-нің 62-бабы) адам осы бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылмайды», — деді ІІМ өкілдері.

4 сәуірде сотта жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахованың сұрақтарына жауап берген Бишімбаев 9 қарашаға қараған түні «орташадан сәл жоғары» мас болғанын, бұл оның тізгінге отыруына кедергі болмағанын айтты.

«Яғни, сіз мас күйде көлік жүргіздіңіз, мен сізді дұрыс түсіндім бе?» — деп сұрады Оразбахова.

«Анық қой, иә», — деп жауап берді Бишімбаев.

ДЕТЕКТИВ ДОДАСЫНЫҢ СЕГІЗІНШІ БЕЛЕСІ

Детектив – əдебиеттің ең кенже жанры болғанымен, оқырманының көптігі жағынан қазір əлемде көшбасшылық тізгінді ешкімге бермей тұр. Адам мен адамның, адам мен қоғамның арасындағы қарым-қатынасты бейнелеуде əдебиеттің жауынгер жанры ретінде мойындалған бұл салаға қолына қалам ұстаған қаламгерлердің бəрі бірдей тəуекел ете бермейді.

Определены победители конкурса

В ТОРЖЕСТВЕННОЙ ОБСТАНОВКЕ СОСТОЯЛАСЬ VIII ЦЕРЕМОНИЯ НАГРАЖДЕНИЯ ПРИЗЕРОВ ОЧЕРЕДНОГО КОНКУРСА ДЕТЕКТИВНЫХ ПРОИЗВЕДЕНИЙ ИМЕНИ КЕМЕЛЯ ТОКАЕВА, ОСНОВОПОЛОЖНИКА ДЕТЕКТИВНОГО ЖАНРА В КАЗАХСКОЙ ЛИТЕРАТУРЕ.

1 қарашадан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Беларусь Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі жоспарлы түрде артатынын мәлімдеді.

958 қазақстандық шетел түрмелерінде отыр

1027 шетелдік азамат еліміздің түрмелерінде жазасын өтеп жатыр. Оның басым көпшілігі – Өзбекстан азаматы. Дегенмен, өзге елде істі болған қазақстандықтар да 1000-ға жуықтады.

Трамп АҚШ-қа босқындарды қабылдау шегін азайтты

Дональд Трамп әкімшілігі 2026 жылы АҚШ-қа қабылданған босқындар санын 7500-ге дейін шектейді және ақ нәсілді оңтүстік африкалық азаматтарға басымдық береді.