12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бірқатар мамандар марапатталды

Жақында ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі еңбек иелеріне әрекетіне сай құрмет көрсетілуі қажет екенін атап өткен болатын. «Мен алдағы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияладым. Бұл – еңбек адамдарына деген ерекше құрметтің белгісі. Біз отаншылдық, еңбекқорлық және біліктілікке айрықша мән береміз. Дәл қазір мерекеге қарамастан мыңдаған отандасымыз жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында шекарашылар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, өндіріс басындағы мамандар және басқа да азаматтар бар. Мұны өз ісіне деген адалдықтың нағыз үлгісі деуге болады. Мен бүкіл халқымыздың атынан Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Шетелде білім алып жатқан немесе жұмыс істеп жүрген азаматтарымызға амандық тілеймін!», — деді Президент.

Осы орайда еліміздегі қарапайым еңбек иелерін үнемі түрлі марапаттармен қуантып жүретін жандар тағы бір топ азаматтардың еңбегіне сай құрмет көрсетті. Бұл жолы марапаттау рәсімін Қазақстандағы тұңғыш әйелдер автомектебінің негізін қалаушы, Президенттіміздің алғыс хат иегері, “Намыс” төсбелгісінің және “Алтын Жүрек” номинациясының иегері, Ел Жанашыры- Асылзат Ералықызы ұйымдастырды. Түрлі мамандық иелерінің еңбегіне сай құрмет көрсете отырып, олардың алдағы уақыттағы жоспарларын ортаға салып, жаңа Қазақстанды құру жолындағы ұсыныс ой пікірлері де талқыланды.

Әрқайсысы әр саладағы мамандық иелері екеніне қарамастан оларды біріктіретін ортақ ұя Қазақстанды дамыту идеясымен тоғысуы қуантпай қоймайды. Еңбекқор, өз елінің жанашыры осындай жандар барда ел ертеңінің жарқын боларына еріксіз сенесің!

Осы орайда марапатталған азаматтардың бір тобын таныстыра да кетсек: білікті педагог, информатика пәнінің мұғалімі — Садыбекова Майра Серікбаевна «Ел Жанашыры» медалімен марапатталса, белгілі кәсіпкер, әлеуметтік жобалардың ұйымдастырушысы және лидерлік бағыттағы маман, жастарды қолдауға арналған ‘Көрісу’, ‘100 лидер’ сияқты ұлттық жобалардың авторы және ‘Sheber Business Club’ іскерлік қауымдастығының негізін қалаушы- Шәкірәлі Алмас Нұрланұлы «Ел Жанашыры» медалімен марапатталды. Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен әскери қызметте зор жауапкершілікпен жұмыс жасап өз үлесін қосып жүрген Аға Сержант -Кәдір Арысбек Өмірбекұлы «Батыр Шапағаты » медалімен марапатталды.

Еліміздің басты қалаларында бірнеше «Bilim_brend_balabakshasy» білім беру орталықтарының негізін қалаушы, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына орасан зор үлес қосып жүрген тәжірибелі кәсіпкер — Гүлден Нұрғазықызы “Батыр Шапағаты” медалімен марапатталды.

Ал Алматы облысы, Қарасай ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының көші-қон бөлімінің басшысы Сардарбеков Жандос Бейсенбаевич- «Ел Жанашыры» медалімен марапатталды.

Кәсіпкерлердің тәлімгері, коуч, “Жол Қырандары” автомектептер желісінің негізін қалаушы- Жарылқасынов Бахыт Серікұлы «Батыр Шапағаты” медалімен марапатталды🇰🇿.

Кәсіпкер әрі тәжірибелі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі- Сүлейменова Дина Қазыбековна. «Ел Жанашыры» медалімен марапатталса, еліміздің жол қозғалысы ережелерінің мәдениетін дәріптеп жүрген “Инфо Мониторинг” ақпараттық агенттігінің журналисті, белсенді блогер- Сауранбаев Аян Амангелдіұлы “Ел Жанашыры” медалімен марапатталды.

«Жасыл бәйтерек” тұтыну кооперативінің төрайымы, коммуналдық қызмет көрсету саласының маманы, қоғам белсендісі, Президентіміздің Алғыс хат иегері, “Алтын адам” марапатының иегері Иргембаева Бақытгүл Қалмақбайқызы «Ел Жанашыры» медалімен марапатталды. Яғни марапатталған жандардың ішінде ұстаз да, кәсіпкер де, дәрігер мен журналист те бар. Президент сөзінің жерде қалмай, еңбек иелерінің еңбегіне сай құрмет көрсетіліп жатқаны қуантады.

Президент сөзі – бар салаға бағдар

Жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарына...

Cәбиге мейірімін төккен неоанатолог дәрігер марапатталды!

Бірнеше апта бұрын әлеуметтік желіде тараған бейнекөрініс жұртшылықтың жүрегін...

ҚАЖ қызметкерлерінің ұжымдық рухты нығайту жұмысы

Ұжым – ортақ мақсатты көздейтін, бір-біріне қолдау көрсетіп, бірігіп...

Алматыда студенттік жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсенің қоғамдық тыңдалымы өтті

2025 жылдың 20 ақпан күні Алматыда "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының...