spot_img
spot_img

БІРЛІК пен ЖАСАМПАЗДЫҚ – ЕЛ БАҒДАРЫ

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заң бойынша еліміздегі 9 мемлекеттік мерекенің бірі 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. Биыл ол елімізде 28-рет аталып өтіледі. Оған дейін Еңбекшілердің ынтымақтастық күні делініп келген бұл мерекенің тарихы 1889 жылдан басталғанымен, ресми мереке ретінде Кеңес Одағы кезінде атап өтіле бастаған еді.

1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан халқының бірлігі күні деген атауға ие болды. Елімізде өмір сүріп жатқан қазақ ұлты мен өзге де этнос өкілдерінің мәдени орталықтарының концерттік қойылымдары мен ұлттық салт-дәстүрлерін паш ететін шараларына ұласатын атаулы күні көктемнің жайма шуақ күндеріне сәйкес келетіндіктен әрдайым бүкілхалықтық мереке ретінде тойланады. Оны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 26 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде де атап өтті. – Биыл Астана халықаралық форумын өткізбейтін болдық. Әрине, бұл – елімізге қажет, өте маңызды жиын. Дегенмен, оны кейінге қалдыра тұруға болады. Ал кезек күттірмейтін кездесулер мен іс-шаралардың жөні бөлек. Бұл ел игілігі үшін керек. Ассамблея сессиясы жыл сайын Бірлік күні қарсаңында өтеді. Ал биылғы басқосу мемлекетіміз үшін күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Шын мәнінде, бұл сессияны дәл осы кезде өткізудің мәні зор. Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар. Бұған осы күндерде көзіміз жетті деуге болады. «Еліміз қарқынды дамуы үшін ондаған жыл бойы қордалаған көптеген мәселені шешуіміз қажет. Біз күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана болашақ жетістіктердің берік тұғырын қалап, саясатта, экономикада, мәдениетте және әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жасай аламыз. Дәл сол себепті Ассамблеяның бүгінгі сессиясы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» деп аталады. Сіздер мұның өзекті екенін түсінесіздер деп ойлаймын. Қазақстан халқы Ассамблеясының ғана емес, барша халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін осы үш ұғым дәл әрі нақты білдіреді. Басты миссиямыз – жасау, құру, жүзеге асыру. Бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз әрі мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала береді», – деген Мемлекет басшысы табысқа жету үшін орындауға баса мән берілетін өзекті 3 міндетті атап өтті. Оның біріншісі, Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру. Атыраудағы Ұлттық құрылтайда айқындалған. жалпыға ортақ құндылықтар – ең алдымен, Тәуелсіздік және Отаншылдық. Одан кейін – Бірлік және Ынтымақ. Келесі – Әділдік пен Жауапкершілік. Сондай-ақ – Заң және Тәртіп. Бұдан соң – Еңбекқорлық пен Кәсібилік. Және – Жасампаздық пен Жаңашылдық. «Бұл – біздің саясат пен экономикадан бастап, білім мен мәдениетке дейінгі барлық саладағы бағыт-бағдарымыз. Мұның бәрі халқымыздың азаматтық бірегейлігін нығайтады. Сондай-ақ, еліміздің болашақ келбетін қалыптастырады. Ассамблея жұмысына арқау болып отырған қағидалар осы құндылықтармен толық үндеседі», – деген ҚР Президенті соңғы жылдары кейбір қоғам белсенділері тарапынан «Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекесі секілді» деп бағалана бастаған Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің енді маңызы мен мәртебесін қайта жаңғыртқандай болды. Өйткені, Беларусь, Қырғызстан, Украина, Қытай, Пәкістан, Шри-Ланкада – Еңбек күні, Ресей мен Тәжікстанда – Көктем және еңбек мерекесі деген атауымен атап өтілетін бұл мерекенің ұлттық сипаты жоқ. Сондай-ақ, онда жиі айтылып, жазылып, көрсетілетін «көпұлтты Қазақстан» деген сөз көп жағдайда кеңестік дәуірді еске түсіреді. Түрі – халықтық болғанмен, мазмұны – ұлттық болмаған соң сын садағына жиі ілігетін Қазақстан халқының бірлігі мерекесі енді Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге жаңарып, жаңғырып, Қазақстан халқының бірлігін бекемдейтін нағыз халықтық мерекеге айналады деп үміттенеміз.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Бюджетные реформы: что ожидать?

МАЖИЛИС ПАРЛАМЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН УТВЕРДИЛ ПРОЕКТ РЕСПУБЛИКАНСКОГО БЮДЖЕТА НА 2026-2028 ГОДЫ. ПРЕДСТАВЛЕННЫЙ ДОКУМЕНТ ЗАФИКСИРОВАЛ СУЩЕСТВЕННЫЙ ДЕФИЦИТ И ПРОДЕМОНСТРИРОВАЛ НЕСОГЛАСОВАННОСТЬ МЕЖДУ ЗАЯВЛЕННОЙ СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКОЙ И РЕАЛЬНЫМ ФИНАНСОВЫМ ОБЕСПЕЧЕНИЕМ, ОСОБЕННО В ОТНОШЕНИИ ПОВЫШЕНИЯ МИНИМАЛЬНОЙ ЗАРАБОТНОЙ ПЛАТЫ.

Елімізде үш жылда мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 2 есе өсті

Қазақстанда мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы үш жылда екі есе өсті.

Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты марапаттады

Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар кімдерге берілді?

Президент Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы жарлыққа қол қойды.

Шағын бизнес алдағы үш жылда тексеруден босатылады

Үкімет жаңа Салық кодексіне біртіндеп көшу мақсатында шағын және микробизнес өкілдеріне қатысты алдыңғы жылдардағы салық тексерістерінен бас тарту туралы шешім қабылдады.