Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда ұлттық бірлік пен ішкі тұрақтылықтың маңызы бұрынғыдан да артып отыр. Қазақстан үшін бұл – тек идеологиялық ұран емес, мемлекеттіліктің негізгі тірегі.
Бірлік – тек этностар арасындағы келісім ғана емес, əлеуметтік əділеттілік пен тең мүмкіндік. Өкінішке қарай, соңғы жылдары қоғамда əлеуметтік жіктелу күшейіп келеді. Бұл – қауіпті үрдіс. Экономикалық теңсіздік, білім мен медицинаның қолжетімділігіндегі айырмашылықтар, еңбек нарығындағы əділетсіздік секілді факторлар азаматтардың өз мемлекетіне деген сеніміне сызат түсіреді. 2024 жылы өткізілген «Қазақстан халқының бірлігі» əлеуметтік зерттеуі бойынша, жастардың 37%-ы елде əділеттілік жоқ деп есептейді. Бұл – болашаққа сенімсіздік білдіреді. Егер қоғамның белсенді, білімді бөлігі – жастар – əділетке күмəнмен қараса, онда ұлттық бірлікке негіз болар ортақ құндылықтардың іргесі шайқалады деген сөз. Саясаттанушы Алия Бақытқызының айтуынша: «Бірлік тек билік орнататын тетік емес, халықтың өзара құрметі мен ортақ мүдде төңірегінде топтасуы. Бұл үшін əділетті əлеуметтік саясат пен ашық мемлекеттік басқару қажет». Яғни, бірлік жоғарыдан күштеп таңылмайды, ол – сенім мен əділетке негізделген ішкі рухани келісім. Мысалы, Түркістан облысында көпэтносты ауылдарда этностардың ортақ тіл мен құндылықты сақтау арқылы бейбіт қатар өмір сүріп отырғанын көруге болады. Бұл – салт-дəстүр, мектептегі тəрбие жəне имандылыққа негізделген ынтымақтың көрінісі. Ондай ауылдарда ата-аналар балаларын бірдей мектепке береді, ауыл жастары бір командада спортпен шұғылданады, ұлтқа бөлінбей, өмір салты мен тұрдін өкілдері мен БАҚ та бұл мəселеде жауапкершілік алуы тиіс. Мəселен, Жамбыл облысында пилоттық режимде іске қосылған «Жасөспірімге жанашыр бол» жобасы арқылы 7 суицидтік оқиға алдын ала тоқтатылған. Бұл – дұрыс бағыттағы қадам. мыс-тіршілігімен бірігіп кеткен. Бұл – мемлекеттік саясаттың емес, жергілікті халықтың өзара құрмет пен күнделікті қарым-қатынас арқылы қалыптастырған шынайы бірлігі. Жастар арасында əділетсіздікке деген сенімсіздік, шенеуніктерге деген күмəн мен əлеуметтік лифттің болмауы үлкен алаңдаушылық тудырады. Бірлік – жастар өзін осы елдің ажырамас бөлігі ретінде сезінгенде ғана берік болады. Егер жастар мемлекеттен алыстап, өз болашағын тек шетелмен байланыстырса, қоғамның іргетасы əлсірейді. Мемлекет тарапынан жастарға тек ұранмен емес, нақты мүмкіндікпен жауап беру қажет. Бұл – сапалы білім, ашық конкурс арқылы жұмысқа тұру, стартаптарды қолдау, тұрғын үймен қамту, мемлекеттік бағдарламаларға əділ қатысу сияқты нақты шаралар арқылы іске асуы тиіс. Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін, ең алдымен, азаматтар арасында өзара сенімді арттыру қажет. Заң мен тəртіп маңызды, бірақ олар ішкі сенім мен əділетсіздікке қарсы тұратын иммунитеттің орнын баса алмайды. Əлеуметтік əділет, ашық диалог, шындыққа негізделген ақпарат саясаты, азаматтық бастамаларды қолдау – қоғамды топтастыратын нақты қадамдар. Қоғамдағы əр адам – ұлт өкілі, ал бірлік – əрқайсысымыздың күнделікті əрекетімізден тұратын құндылық. Біз оны тек мереке күндері емес, жұмыс орнында, əлеуметтік желіде, көшеде жəне отбасымызда жүзеге асыра аламыз.
Самал АСҚАР