Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты, №11 мекемесінде тылмен қамтамасыз ету бөлімінің орыны ерекше. Тылмен қамтамасыз ету бөлімі, мекеменің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен айналысады.
Мекеменің тылмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы М.М.Канапиев және инженері А.Ж.Махсутовпен бірлесіп, тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жеткізушілермен Мемлекеттік сатып алу бойынша шарттар жасасу жұмыстарымен айналысады. Тылмен қамтамасыз ету бөлімінің қалған қызметкерлері де атқарлып жатқан жұмыстарға ат салысады. Азық-түлікпен, заттай, заттармен төсек-орын жабдықтарымен және гигена құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету. Жеке құрам үшін жылу энергиясын, электр энергиясын,суық су мен кәрізді беру бойынша тұрмыстық қызметтерді нысанды киім-кешекпен қамтамасыз ету, қоқыс шығару т.б бөлім ғимараттар мен құрылыстардың ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізумен айнаылсады.
Тылмен қамтамасыз ету бөлімінің ұжымы тату,ұйымшыл, мекеменің барлық іс-шараларына қатысады. Мекемеде сотталған азаматтардың тұрмыстық жағдайлары күн тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі. Өйткені мұнда, келгендердің әрқайсысына тұрмыстық қажетті заттар, жеке төсек орындар, матрас, жастық және жапқыш жеке кереуеттер беріліп, жаймалары апта сайын ауыстырып, жаңартылып отырады. Аптасына 1 рет моншаға түсіп, шаш, мұрттары алынып, сырт келбеттерінің жинақы ұсталынуына жағдай жасалынған,- дейді Тылмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Мейірбек Канапиев. Сондай-ақ сотталғандар үшін уақтылы тамақ дайындаумен, киім-кешек пен төсек-орын жабдықтарымен сотталғандарды қамтамасыз етеді. Мекеме тарапынан берілетін тағамдардың дәмдерін,әрі құнарлығын қадағалап отырады.
№11 мекеме Еркегүл Жеңісхан


