«Birgemiz» қорына түскен ақшаны тарататындардың аты-жөні жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің құрамы жарияланды. Бұл қорға қазақстандық бизнесмендер бір тәулікте 40 миллион доллар аударды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

«Жаңадан құрылған қоғамдық қорға елдің ірі бизнес өкілдерінен 40 миллион доллардан астам қаржы түсті. Бұл қаражат қамқоршылық кеңесінің шешімімен халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетуге бағытталатын болады. Қазір көмек түрлері мен оны алушылар санаттарын анықтау бойынша жұмыс басталды», — делінген хабарламада.

Бүгін қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Сол жерде кеңестің құрамы жарияланды.

Кеңес құрамы:

  • қамқоршылық кеңесінің төрағасы — «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек;
  • қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары – Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев;
  • қамқоршылық кеңесінің хатшысы – журналист, «Бас редакторлар клубының» президенті Бибігүл Жексенбай.

Кеңес мүшелері:

  • Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Ольга Перепечина;
  • Мәжіліс депутатары  Нұрлан Әбдіров пен Бақтықожа Ізмұхамбетов;
  • «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрағасы Айсұлу Ерниязова;
  • «Ұлттық еріктіер лигасы» заңды тұлғалар қауымдастығының төрағасы Вера Ким;
  • «Мир через духовность» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәуле Мұқашова;
  • «Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя;
  • «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының басшысы Исламбек Салжанов.

Ал «Birgemiz» қоғамдық қорының жоғарғы органы – құрылтайшылардың жалпы жиналасына үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық етеді.

Қордың құрылтайшылары – Ардагерлер ұйымы (басшысы – Бақтықожа Ізмұхамбетов) және » Мир через духовность» (басшысы – Сәуле Мұқашова).

«Birgemiz» қорының басқарма басшысы Руслан Сакеев Nur Otan-ның көмегі керек екенін айтты. Себебі осы саяси ұйымның әрбір өңірде бөлімшесі бар. Қаражатты таратуға қажетті база бар, еріктілері де көп.

«Біз қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысын «Nur Otan» партиясында өткізіп отырмыз. Себебі осы ұйымның мүмкіндіктеріне жүгінуді көздейміз. Елбасының қолдауымен қорға қаражат әлі де түсіп жатыр. Алайда көмекке зәру барлық адамды қамту үшін бізге инфрақұрылым, ұйымдастыру тәжірибесі мен мамандар қажет. Ондай адамдар партияда ғана бар», — деді Сакеев.

Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/economy/20200324/13326938/Birgemiz-kory-aksha.html

Алматыда рұқсатсыз салынған сауда орындарын бұзу басталды

Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында заңсыз салынған сауда орындарын бұзу жұмыстары басталды. Нысандардың жалпы аумағы 56,4 мың шаршы метр болды.

21 қазанда бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстанда 21 қазанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады. Бірқатар қалада жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Елімізде қандай мамандар жетіспейді?

Қазақстанда бір маман бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме түскен, ал IT мен медицина саласында кадр тапшылығы бар.

Қазақстандықтардың бюджетіне қандай шығындар көбірек салмақ түсіреді? 

Қазақстандықтар ең көп ақшаны азық-түлікке жұмсайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында халықтың барлық ақшалай шығыстарының 50,5%-ы азық-түлік тауарларын сатып алуға кеткен.

«ОРМАНШЫ МƏРТЕБЕСI» ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮЙЛЕСТIРУДI ҚАЖЕТ ЕТЕДI

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін осы салада қызмет ететін 17 мыңнан астам маман асыға күтеді. Орман шаруашылығы мамандарының қызметі – бұл орман алқаптарын қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану және олардың экологиялық жүйесін сақтауға бағытталған кешенді жұмыс.