Біреуді қорқытардай қабағынан қар жауып жүреді — Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі

Көпшілікке танымал, тележүргізуші, журналист, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы тікелей эфирде жолдасы Қайрат Беркінбаевпен бірге сұхбат берді. Кәсіпкер жары Ләйлә Сұлтанқызының мінезін, ара-қатынасын айтты, деп жазады stan.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы тележүргізуші Тимур Балымбетовпен тікелей эфир арқылы сұхбаттасты.

Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының эмоцияға тез берілетін адам екенін айтады. Ашуы бір сәтті шығып, бір сәтте басылатын адам. Оған бастапқыда үйренісе алмағанымен, қазір бес саусақтай танып алған екен.

«Қайрат эмоцияның адамы. Оған 5 минут шыдау керек. Әрі қарай ашуы басылады да, қоя салады. Түк болмағандай сөйлесіп кете береді. Ал, сол уақытта ұрыссаң, соңы жаман ұрысқа айналады. Бұрын ә десе, мә деу керек деп ойлайтынмын. Қазір сондай мінездерімізді біліп алдық», — деп түсіндірді тележүргізуші.

Ал, кәсіпкер Қайрат Беркінбаевтың әйелі туралы ойы қандай? Экрандағы Ләйлә Сұлтанқызы үйдегі Ләйләден бөлек пе?

«Ләйләнің бір жақсы жері — үнемі күліп жүреді. Үйге күліп келеді, үйден күліп кетеді. Күліп тұрған адамға ұрыса да алмайсың ғой. Ел білетін Ләйлә үйде басқа адам болуы мүмкін емес. Дәл сол қалыпта. Үлкен ұлым да анасы секілді. Мінезі де, өзі де ұқсайды. Күліп тұрады. Кіші ұлым өзіме тартан. Біреуді қорқытардай қабағынан қар жауып жүреді», — дейді кәсіпкер.

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, жолдасы танымалдықты ұнатпайтын жан. Бүгін үй жағдайында болған ғана сұхбат беруге келіскен екен.

Қайрат Беркімбаевтың бірінші отбасынан екі ұлы бар. Екеуі де үйленген. Келіндерімен бірге үйіне келіп тұрады.

«Бізде келін үйдің жұмысын істеу керек, сәлем салу керек, орамал тағып жүру керек деген ұғым жоқ. Істесе өз еркімен жасайды. Маған олардың жақсы тұрғаны керек. Келін жұмсап, шайын ішіп отыру деген талап жоқ. Екі келінім де қаланың қыздары, сыйлап-құрметтейді. Сәлем салады. Бәрі өз қалауымен», — деді кәсіпкер.

Бұл ретте кәсіпкер мен тележүргузіші балаларына үлгі болып отыр.

«Біз қандай отбасы болсақ, олар да сондай болады. Біз оларға үлгі боламыз. Біз өзіміз нені көрсетсек, соны үйретіп жатырмыз. Сондықтан отбасылық құндылық, қызды жатжұрттық деп тәрбиелеу, ұлды әке ретінде тәрбиелеу о бастан қолға алынуы керек», — деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Кәсіпкер Қайрат Беркінбаевты Алматыда «Оқжетпес» емдік-сауықтыру мекемесінің басшысы екені белгілі. Алайда көпшілік алдына жиі шықпайды. Бүгінде Ләйлә Сұлтанқызы екеуінің Сағадат, Сардар есімді ортақ екі ұлы бар.

Сөз соңында Қайрат Беркімбаев пен Ләйлә Сұлтанқызы жұртқа сабырлық тіледі. Шыдам мен тазалықтың көмегімен бұл жағдайдан да шығамыз деп сенім білдірді.

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...