12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бір сотталғанға ескерту берілді

Пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 14-24 наурыз аралығында «Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Аталған профилактикалық іс-шараның басты міндеті пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайларын тексеру, олармен тәрбиелік-профилактикалық әңгіме-сұхбат жүргізу, материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеріп, әлеуметтік құқықтық көмек көрсету көлемін және пробация қызметі бақылауынан жалтарып жүрген сотталғандарды анықтау болып табылады.

Профилактикалық шара аясында Арал аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі мен аудандық пробация қызметі екі күні ішінде пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған 15 азаматтың мекен-жайларын тексеріп, өздерімен және олардың тәрбиесіне оң ықпалын тигізетін туған-туыстарымен профилактикалық сұхбат жүргізді. Профилактикалық шара барысында мекенжайында болмаған бір сотталғанға ескерту берілді.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...