Бір шаңырақ астындағы халық: Қазақстанның этнос құрылымы қалай өзгеріп жатыр?

2026 жылдың басында республика бойынша қазақтардың үлесі 71,5%-дан асады.Қазақстандағы этностық құрылым – тарихи, демографиялық және әлеуметтік факторлардың тоғысында қалыптасқан күрделі құбылыс. Ұлттық статистика бюросының BAQ.KZ-ке ұсынған деректері бұл құрылымның тек сандық көрсеткіштермен шектелмейтінін, оның өңірлік ерекшеліктермен, көші-қон үдерістерімен және экономикалық өзгерістермен тығыз байланысты екенін аңғартады.

Қазақтардан кейінгі ең көп этнос

Елімізде жалпы халық саны 20 миллионнан асса, оның шамамен 14,6 миллионы (71,5%) қазақтар. Бұл – елдегі негізгі демографиялық трендтің айқын дәлелі, яғни титулды ұлттың үлесі басым әрі өсім жалғасып жатыр.

Ресми дерек бойынша, елімізде 124 этнос өкілі тұрады. Ал екінші ірі этностық топ – орыстар(шамамен 2,9 млн адам). Бұл республика халқының шамамен 14,3%-ы. Бірақ олардың өңірлік үлесі айтарлықтай айырмашылыққа ие. 

Орыс халқының үлесі әсіресе солтүстік және шығыс өңірлерде жоғары. Мысалы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орыс халқының саны айтарлықтай. Бұл тарихи көші-қон саясатымен, әсіресе кеңестік кезеңдегі индустрияландыру және тың игеру науқандарымен тікелей байланысты.

Өзбектер(шамамен 695 мың) негізінен оңтүстік өңірлерде, әсіресе Түркістан облысында шоғырланған. Республика бойынша өзбек халқының саны 3,3% шамасында болса, Түркістан облысында бұл көрсеткіш 18%-дан асады. Бұл – этностық топтардың географиялық «кластерленуінің» айқын мысалы. Сол сияқты ұйғырлар Алматы облысында, дүнгендер Жамбыл облысында тығыз орналасқан. Яғни кейбір этнос белгілі бір аймақтарда тарихи-мәдени себептерге байланысты жинақы өмір сүреді.

Украиндар, немістер, татарлар сияқты этностардың саны салыстырмалы түрде азайғанымен, олар әлі де елдің солтүстік бөлігінде көрінеді. Немістердің саны бұрынғы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай қысқарғаны байқалады, бұл – тарихи отанына көшу үдерісінің салдары.

Қызығы, ресми деректе көрсетілген аз санды этностар да Қазақстанның көпэтносты бейнесін толықтырып тұр. Мысалы корейлер (120 мыңнан астам), түріктер, күрдтер, әзербайжандар сияқты қауымдастықтар елдің әртүрлі өңірлерінде өмір сүреді. Олардың басым бөлігі ірі қалалар мен экономикалық белсенді аймақтарға жақын орналасқан.

Ал ең шағын этностар – ондаған немесе жүздеген адамнан ғана тұратын топтар. Олардың қатарында исландтар, уэльстер, немесе сирек кездесетін этностық топтар бар. Бұл Қазақстанның миграциялық ашықтығын және тарихи кезеңдердегі әртүрлі қозғалыстардың ізін көрсетеді.

Аймақтар

Аймақтық тұрғыдан қарағанда, Түркістан облысы – халық саны ең көп әрі этностық тұрғыдан қазақтар мен өзбектер басым өңір. Ал Алматы қаласы мен Астана – этностық тұрғыдан ең әртараптанған орталықтар. Мұнда әртүрлі этнос өкілдері шоғырланып, аралас әлеуметтік орта қалыптасқан. Сонымен қатар,  Астанада қазақтардың үлесі 83%-дан асса, Алматыда 64% шамасында. 

Ресми деректегі тағы бір маңызды деталь – «ұлты көрсетілмегендер» санының көп болуы (70 мыңнан астам). Бұл қазіргі қоғамдағы этностық сәйкестік мәселесінің өзгеріп жатқанын көрсетеді. 

Жалпы алғанда, Қазақстандағы этностық құрылымның үш негізгі ерекшелігі бар. Біріншіден, қазақтардың үлесі тұрақты түрде өсіп келеді. Екіншіден, этностардың өңірлік шоғырлануы сақталған. Үшіншіден, урбанизация мен көші-қон этностық құрылымды біртіндеп өзгертіп жатыр.

Алдағы жылдары ішкі көші-қон бағдарламалары, экономикалық факторлар және урбанизация бұл құрылымды қайта қалыптастыруы мүмкін. Дегенмен, Қазақстанның көпэтносты сипаты сақталып, ол елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен мәдени әртүрлілігінің маңызды факторы болып қала береді.

Алматы әуежайы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Азаматтық авиация комитеті әуежайды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Зейнеткерлер тегін санаторийге бара алады: Кімге, қалай және қаншалықты қолжетімді? 

Қазақстанда зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында санаторий-курорттық ем үйлестіру қарастырылған.

Қытайдағы жойқын жарылыс: 20-дан астам адам қаза тауып, 60-тан астамы жараланды 

Соңғы мәліметтер бойынша, 21 адам қаза тауып, 60-тан астамы жараланған. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин оқиғаны мұқият зерттеуге шақырды, 

Алматыда Тоқаевтың төрағалығымен ЖИ дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы: «Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру заман талабы екенін айтты.