Зейнеткерлер тегін санаторийге бара алады: Кімге, қалай және қаншалықты қолжетімді? 

Қазақстанда зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында санаторий-курорттық ем үйлестіру қарастырылған. Бұл мүмкіндік арқылы зейнеткерлер денсаулығын жақсартып қана қоймай, тегін немесе жеңілдікпен демалып қайтады. BAQ.KZ тілшісі жолдама алу тәртібі, қажетті құжаттар мен кезек мәселесін зерделеп көрді.

Әлеуметтік қолдау: мемлекет не ұсынып отыр?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде санаторий-курорттық ем алу жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Яғни, зейнеткерлер жолдаманы толық тегін немесе жеңілдікпен ала алады.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес оны:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар,
  • тыл еңбеккерлері,
  • кейбір әлеуметтік осал топтарға санаторийге тегін жіберіледі.

Ал жасы бойынша зейнеткерлер үшін жолдаманың басым бөлігін мемлекет субсидиялайды. Яғни орта есеппен жолдама құнының 80-85%-ы бюджеттен өтеледі, қалған бөлігін азамат өзі төлейді.

Мамандардың айтуынша, бұл механизм қарттардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттырып қана қоймай, аурудың асқынуына жол бермеуге көмектеседі.

Статистика не дейді?

Ресми деректер бұл қызметке сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.

Мәселен, 2025 жылы Астана қаласында 6 мыңнан астам зейнеткер санаторийде ем алған. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 5,4 мың адамды құраған. Жалпы ел бойынша сан мыңдаған зейнеткер жыл сайын осы қызметті пайдаланады.

Сонымен қатар, зейнеткерлер санының артуы да бұл жүйеге түсетін жүктемені көбейтіп отыр. 2026 жылғы дерек бойынша, Қазақстанда 2 млн 538 мың зейнеткер тіркелген. Міне, дәл осы фактор кезек мәселесінің туындауына әсер етуде. Себебі бюджет мүмкіндігі барлық ниет білдірушіні бірден қамтуға жеткіліксіз. Соның салдарынан кей азаматтар жолдаманы бірнеше ай, кейде бір жылға жуық күтеді.

Жолдаманы қалай алуға болады?

Санаторийге бару үшін тұрғылықты жердегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну керек. Медициналық көрсеткішті растайтын анықтама алып, кезекке тіркеледі. Қазір мұндай процесті онлайн жүргізуге де болады.

Кезегі келген соң өтініш жазып, жеке куәлік пен санаторий-курорттық карта (оны учаскелік терапевт рәсімдейді) секілді құжаттарды дайындау қажет болады. Ал егер белгілі бір себеппен бара алмай қалса, жолдаманы міндетті түрде қайтаруы тиіс. Бұл жағдайда жолдама басқа адамға берілуі мүмкін немесе басқа күнге ауыстырылады. Ескеретін жайт, жолдама кемінде 3 күн бұрын қайтарылуы тиіс.

Ведомство мәліметінше, жолдама қарапайым зейнеткерлерге — әдетте екі жылда бір рет, жеңілдік санатындағы азаматтарға — жыл сайын беріліп отырады. Ал емдеу мерзімі орта есеппен 10-14 күн аралығын қамтиды.

Астаналықтар қайда бара алады?

Астана қаласының зейнеткерлері көбіне еліміздегі танымал курорттық аймақтарға жіберіледі. Олар: Щучинск-Бурабай курорттық аймағы, Катаркөл көлі маңындағы санаторийлер мен Қарағанды облысы, Приозерск қаласындағы «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешеніне жіберіледі.

Сонымен қатар, елорда тұрғындары жолдамаға birge.astana.kz порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.

Санаторий-курорттық ем — зейнеткерлер үшін қолжетімді әлеуметтік қолдаудың нақты тетігі. Дегенмен сұраныстың жоғары болуы кезек мәселесін толық шешуге мүмкіндік бермей отыр.

Жұмыс істейтін оқушылардың құқығы қалай қорғалмақ?

Министрлік кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жұмыс істеуі мен жалақы төленбеу деректері анықталғанын мәлімдеді.

Размытые границы дозволенного

РОСТ НАРКОЗАВИСИМОСТИ, АЛКОГОЛИЗМА, ЛУДОМАНИИ И РАСПРОСТРАНЕНИЕ АГРЕССИВНОЙ ПУБЛИЧНОЙ ЛЕКСИКИ СТАНОВЯТСЯ ЗАМЕТНЫМИ СОЦИАЛЬНЫМИ ВЫЗОВАМИ. ПАРЛАМЕНТАРИИ СЧИТАЮТ, ЧТО СКЛАДЫВАЮЩИЕСЯ В ОБЩЕСТВЕ ТЕНДЕНЦИИ ТРЕБУЮТ БОЛЕЕ СИСТЕМНОГО ПОДХОДА СО СТОРОНЫ ПРОФИЛЬНЫХ ВЕДОМСТВ И УСИЛЕНИЯ ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ РАБОТЫ, ОСОБЕННО СРЕДИ МОЛОДЕЖИ.

Алматы әуежайына кіру сызбасы өзгерді

Алматы әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жұмыстар инфрақұрылымды жақсарту және қолайлылықты арттыру мақсатында жүргізіліп жатыр.

Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Алматыда 2025–2026 оқу жылы ресми түрде қорытындыланды. Қаладағы 360 мектепте білім алған 357 222 оқушы үшін жазғы демалыс басталды. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері хабарлады.

Айыппұлдар кешіріледі: Тұңғыш әкімшілік амнистияға қандай бұзушылықтар ілігеді? 

Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізу ұсынылып отыр.