Бір-бірімізді жақсы көреміз: Анатолий Цой Анна Седаковамен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты

Бүгінде отанымызда ғана емес Ресейде де кең танымалдыққа ие болған әнші Анатолий Цойдың ресейлік жұлдыз Анна Седаковамен қарым-қатынасы төңірегіндегі қауесет әлі де басылар емес. Кейде әншілердің өзі желіде екіұшты жазба қалдырып, көпшіліктің көкейіндегі күдікті үдетуде. Десе де өнердегі әріптесімен арада не бар екенін айтқан Цой бір-бірімізді жақсы көреміз, бірақ ол әпкем сияқты дейді.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Ашығын айтқанда, біз Анямен (ред. Анна Седакова) мұны хайп үшін әдейі жасаған жоқпыз. Егер адамдар солай ойлағысы келсе, неге ойламасқа? Біз онымен жақсы, жақын қарым-қатынастамыз. Бір-бірімізді жақындар сияқты жақсы көреміз… Ол маған әпкем сияқты», – дейді Цой.

Әншінің өзі осылай дегенімен бұған дейін влогында Седаковаға айтқан сөзімен көпшілікті қызықтырып қойған еді.

«Егер екеуіміз бала жасасақ, ол кәріс болар еді», – деген еді Анатолий Цой.

Айта кетсек, Анатолий Цой мен Анна Седакованың көңіл қосқаны туралы 2 жылдан бері айтылып келеді. Алайда әншілердің өзі мұны тек қауесетке балап отыр.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...