Бір балаға 4 миллион: Қазақстанда ана капиталын енгізу ұсынылды

Депутаттар Қазақстанда ана капиталын енгізіп, бала дүниеге келгенде 4,2 миллион теңге төлеуді ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ЮНИСЕФ-тің зерттеуіне сәйкес, қазақстандық балалардың 15,6 пайызы ең төменгі деңгейдегі отбасында тұрады. Бұл миллион кедей бала бар деген сөз. Отандық зерттеушілердің пікірі бойынша, көпбалалы отбасылар кедейліктің факторына айналып жатыр. Кедейлердің 80 пайыздан астамы бес немесе одан да көп адамы бар отбасында өмір сүреді. Статистикаға сүйенсек, біздің елде 340 мыңнан аса көпбалалы отбасы бар», — деді Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов.

Ерлан Смайлов бір, екі немесе үш бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана немесе жалғызбасты әкенің де қиындықтары бар екенін, бірақ әлеуметтік қолдауға мұқтаждар санатына жатпайтынын айтты. Елде мұндай отбасылардың саны 500 мыңнан көп болуы мүмкін және олардың басым көпшілігі — жалғызбасты аналар.

Ол елдің премьер-министрінен ана мен баланы қорғауға және қолдауға бағытталған барлық шараны ревизия мен талдау жүргізуді және олардың нәтижесін бағалауды сұрады.

«Елімізде әрбір туған бала үшін қазақстандықтарға 4,2 миллион теңге мөлшерінде мемлекеттік төлем түрінде ана капиталын енгізу орынды. Осы қаражатты мақсатты пайдалану арқылы тұрғын үй сатып алуға және отбасының тұрғын үй жағдайын, балаға білім беру, анасының зейнетақы жинақтарын жақсартуға болады», — деді депутат.

Ұсыныстар ішінде мыналар бар:

  • бала өміріне, физиологиясына, білім алуы, әлеуметтік, мәдени және басқа да қажеттіліктеріне сай келетін тұтынушы себеті;
  • бала мен анаға бөлінетін инвестицияларға әлеуметтік көмектен берілетін жәрдемақылар мен төлемдер қағидаты мен мөлшерін қайта қарау;
  • ана мен бала, отбасы, толық емес отбасы саны және т.б. ана мен балаға қатысты салаларда статистикалық деректер жинау мен жариялауды жүйелеу.

Ұсынысты Қазақстан Халық партиясы фракциясының он депутаты қолдады.

Сот реформасы халықтың көңілінен шықты

Сот – әділдік салтанат құратын, азаматтар құқығын қорғайтын алаң....

Сотта өкілдік ету жауапкершілігі жоғары

Азаматтық процестегі сот өкілдігі жеке және заңды тұлғаларға заңгерлік...

Мәмілені жасау мен тоқтатудың заңдық тәртібі

Құқықтық мемлекет – азаматтардың алаңсыз өмір сүріп, қауіпсіздігін мінсіз...

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін...