12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ»

2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның «Мен кәсіпкер» жобасы аясында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бір ауыл – бір өнім» (БАБӨ) жобасын іске асыруда. Оның негізгі міндеті – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттыру мақсатында ауыл халқын сертификаттаудан өткен және нарықтық тартымдылығы бар бірегей, сапалы өңірлік өнім жасауға тарту.

– Осы жоба аясында жыл сайын БАБӨ тауарлары ның өңірлік жəрмеңке-көрмесі өткізіледі. Жоба бүкіл өңір бо йынша дарынды өндіру шілерді анықтауға көмектесіп келеді. 100 қатысушының басын қосқан 2024 жылғы көрме Жамбыл өңірінің зор əлеуетін айқын көрсетті: олар бірегей былғары мен киізден жасалған бұйымдардан бастап, төл тағам өнімдері мен инновациялық био тыңайт қыштарға дейін өндіреді. Алайда, дəл осы көрме ортақ мəселені де көрсетті: көптеген кəсіпкерлер жоғары сапалы өнім жасай отырып, кедергілерге де тап болады. Оларға заманауи технология ларға, маркетингтік білімге жəне ең бастысы ірі сауда же лілеріне шығу немесе елеу лі қаржыландыруға үміткер болу мүмкін емес өнім сапасын құжаттық растауға қолжетімділік жетіспейді, – дейді Жамбыл облысы Кəсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айдар Абдықадыров. Айдар Қайнарұлының айтуынша, бұл жүйелі міндетті шешу үшін Кəсіпкерлер палатасы БАБӨ жобасының қатысушыларын оқыту жəне сүйемелдеу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасып, облыстың жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестікке бастамашы болды. Мəселен, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті ынтымақтастықтың бірегей үлгісін ұсынды. Бұл жай ғана дəрістер емес, ғылыми ортаға толықтай ену. Бүгінгі таңда Тараз университетімен меморандум жасасу аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында биыл 16-27 маусым аралығында 28 кəсіпкер қарқынды курс бойынша оқуды аяқтады. Олар үшін ерекшеліктеріне сəйкес үш мақсатты бағдарлама əзірленді. Атап айтқанда жеңіл өнеркəсіп шеберлері үшін: «Текстиль жəне аяқ киім: бірегей бұйымдар жасау өнері». Азық-түлік өндірушілері үшін: «Азық-түлік өндірісінің заманауи тəсілдері: ғылымнан тəжірибеге дейін». Аграршылар үшін: «Биокөмір өндіру мен қолданудың озық технологиялары жəне органикалық өнім өндірісін ұйымдастыру». Оқу қорытындысы бойынша əрбір түлек тек курстан өткені туралы сертификат алып қана қоймай, ең бастысы, зертханалық сынақтар туралы сертификатқа ие болды. Бағдарламаның негізгі жəне толығымен тегін элементі Тараз университетінің зертханаларындағы практикалық сабақтар болды. Кəсіпкерлер заманауи жабдықтарда өз өнімдерінің құрамын талдап, оның қауіпсіздік стандарттарына сəйкестігін тексеріп, тағамдық құндылығын, материалдардың беріктігі мен тиімділігін анықтай алды. Іс жүзінде олар шағын бизнес үшін құны көбінесе қолжетімсіз болып табылатын ғылыми зерттеулерге қол жеткізді. Жамбыл облысы кəсіпкерлер палатасы директоры орынбасарының сөзіне қарағанада, курстың тиімділігінің ең жарқын мысалы Меркі ауданының кəсіпкері Айткүл Мусилимованың оқиғасы болды. Саңырауқұлақ өсірумен айналысатын оған шығындарды азайта отырып, өнімділік пен өнім сапасын қалай арттыру мəселесі туындады. Биокөмірді (топырақ қасиеттерін жақсартатын арнайы ағаш көмірі) қолдану бойынша курста оқу оған тек теориялық білім беріп қана қоймай, дайын бизнес-шешім ұсынды. Зертханада ол биокөмірдің топырақ субстратына қалай əсер ететінін көріп, өз шаруашылығы үшін оны қолданудың экономикалық моделін есептей алды. Осы деректермен қаруланып, курс ты аяқтағаннан кейін бірден осы технологияны енгізуге келісімшарт дайындауға кірісті. Оның бизнесі үшін бұл жаңа деңгейге шығуды білдіреді: өнімділікті арттыру, мүмкін, органикалық өндіріс стандарттарына көшу жəне соның салдарынан қосымша құны жоғары өнім жасау. «Бұл бірінші лектің нəтижелері біз күткеннен де асып түсті. Біз тікелей, сезілетін нəтижені көріп отырмыз: қатысушылардың бірі қазірдің өзінде коммерциялық келісімшарт дайындауда, ал барлық 28 түлек енді бірлескен стартаптар немесе өндірістік кооперация аясында коммерцияландыру үшін университеттің 350 млн теңгеге дейінгі гранттық қаржыландыруына, соның ішінде өтінімдер беру үшін ғылыми негіздемеге ие болды. Осылайша, аяқталған курс кезекті оқыту іс-шарасы болып қана қоймады. Ол Жамбыл облысында ғылым бизнеске қызмет ететін, ал шағын өндірушілер үлкен жəне танымал брендтерге айналуға нақты мүмкіндік алатын жаңа экожүйенің негізін қалады. Бұл сəтті пилоттық жоба білім, ғылым жəне кəсіпкерлік синергиясы заманауи өңірлік дамудың ең қуатты драйвері екенін дəлелдейді, – дейді А.Абықадыров.

Қ.ЕРМЕКОВА, «Заң газеті»

Руслан Қошқарбаев: «Туризм – Қазақстанды әлемге танытатын ұлттық бренд болуы тиіс»

Руслан Қалдыбайұлы Қошқарбаев, халықаралық гид-нұсқаушы, виза сарапшысы, кәсіпкер – Руслан...

Инклюзия и тифлопедагогика

В НАЦИОНАЛЬНОМ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОМ ЦЕНТРЕ РАЗВИТИЯ СПЕЦИАЛЬНОГО И ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ...

О благонадежности в предпринимательской деятельности

В настоящее время каждый предприниматель сталкивается с вопросом проверки...

Аспекты таможенной экспертизы

В этом году исполнилось 30 лет Конституции Казахстана. Напомним,...

Профилактика как гарант законности и порядка

СОТРУДНИКИ ПРОКУРАТУРЫ Г. ШЫМКЕНТА СОВМЕСТНО С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ УПОЛНОМОЧЕННЫХ ОРГАНОВ...