12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бірқатар төрағалар мен судьялар тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 956 Жарлығымен Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Текетаев Мақсұт Нысанбайұлы тағайындалды.

Сонымен қатар осы Жарлықпен Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сабыров Асхат Аббасұлы, Қармақшы аудандық сотының төрағасы Мыханов Қуаныш Тасмағанбетұлы, Қызылорда қаласының № 2 сотының судьясы Абдуллаев Қанатбек Амангелдіұлы, Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Тұңғышбаев Исағали Өмірзақұлы және Қызылорда қалалық сотының судьясы Ақынбек Маржан тағайындалды.  

Қысқаша мәлімет:

Мақсұт Нысанбайұлы 1970 жылы Қызылорда облысында туған. Осыған дейін Алматы қаласы, Медеу ауданының сот орындаушысы, Ауэзов аумақтық №2 учаскесінің аға сот орындаушысы, Алматы облысы, Талғар аудандық сотының судьясы, осы соттың төрағасы қызметтерін атқарған.

Асхат Аббасұлы 1978 жылы Қызылорда облысында туған. Еңбек жолын ҚР ІІМ-нің Көліктегі полиция департаментінің Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің полиция инспекторы болып бастап, бөлімнің жедел уәкілі, Қызылорда ОПД-ның Өзіндік қауіпсіздік басқармасының жедел уәкіл, аға жедел уәкілі, Қазалы аудандық сотының судьясы, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы, осы соттың төрағасы лауазымдарын атқарған.

Қуаныш Тасмағанбетұлы 1982 жылы Қызылорда облысында туған. Жамбыл облысы бойынша ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының бас маманы, Қызылорда облысы бойынша басқармасының бас маманы, Шиелі ауданы прокурорының көмекшісі, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекші, Қызылорда облыстық прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры, Сырдария ауданы прокурорының орынбасары, Қазалы аудандық сотының судьясы, Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы болып қызмет атқарған.

Қанатбек Амангелдіұлы 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Жаңақорған аудандық сотында жетекші маман-сот отырысының хатшысы қызметінен бастаған, әр жылдары Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында судья, Қармақшы аудандық сотында төраға, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрағалық қызмет атқарған.

Исағали Өмірзақұлы 1978 жылы Қызылорда облысында туған. Қызылорда қалалық сотының аға маман-сот приставы, бас маман-аға сот приставы,  кеңсе меңгерушісі, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің жетекші маманы, бас маманы, Қызылорда қаласының №2  соты кеңсесінің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, бас маманы, жетекші маманы қызметтерін атқарған. Осы уақытқа дейін Жаңақорған аудандық сотының судьясы қызметін атқарып келген.

Ақынбек Маржан 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Бұған дейін Тараз қалалық соты кеңсесінің сот отырысы хатшысы, бас маман-сот отырысының хатшысы қызметтерін атқарған.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
 

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...