Билл Гейтс коронавирус жұқтырғанын хабарлады

Microsoft компаниясының негізін қалаған миллиардер Билл Гейтс коронавирус жұқтырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Тwitter-де жазды.

Билл Гейтс сынақта COVID-19 анықталғанын және симптомдары туралы жазды.

«Симптомдар жеңіл, оқшауланып, сауығып кеткенше сарапшылардың пікіріне құлақ асамын», — делінген жарияланымда.

Сондай-ақ, Гейтс толықтай екпе алғанын, тестілеуге рұқсаты барын және тамаша медициналық қызмет алып жатқанын хабарлады.

Миллиардер өзі құрған Gates Foundation қоры әлемді жаңа пандемиялардың қаупінен сақтау үшін серіктестерімен бірге жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Мұның алдында Билл Гейтс коронавирустың ең «жаман» штамы пайда болуы мүмкін екенін ескерткен. Ол келесі пандемияның алдын алу туралы кітабын да шығарған.

ӘКІМШІЛІК ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКСАУМАҚТЫҚ СОТТЫЛЫҚ

2025 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Берік отбасы – берекелі қоғамның негізі

Отбасы – адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Әрбір...

Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған нақты қадамар

Еңбекпен қамту – әлеуметтік тұрақтылықтың негізі. Халықты тұрақты жұмыспен...

Еңбек құқығы Конституциямен қорғалған

Еңбек адамын қадірлеу әділ қоғам құрудың басты шарттарының бірі...

Демографияны көтеру басты басымдықтың бірі

 ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ХАЛЫҚ САНЫНАН, ЯҒНИ, ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ӨСІМНЕН БӨЛІП ҚАРАЙ...