БІЛІМДІ ДЕ БІЛІКТІ ПОЛИЦЕЙ АРУ АРАМЫЗДА ЖҮР

Түркістан облысы полиция департаментінде өз ісінің маманы, полицей-психолог құқық қорғау саласында 17 жыл еңбек етіп келе жатқан Сұлушаш Көшімбетова есімді ару қыз бар. Ол Ішкі істер саласында қызметке орналасатын мамандардың эмоционалдық реакциясын тексереді, психофизиологиялық зерттеулерден өткізеді. Бала күнінен полиция болуды армандаған Сұлушаш бүгінде капитан шенінде департаменттің Кадр саясаты басқармасының инспектор-полиграфы болып қызмет атқарады.
Полициядағы алғашқы еңбек жолын Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы мамандандырылған күзет қызметі басқармасынан бастаған ол 2009 жылы Түркістанға оралып, содан бері құзырлы қызметін осында жалғастырып жатыр.
«Адамды зерттеу оңай емес. Сол үшін көп ізденіп, көп оқимын. Бұл қызметімде өз жемісін беруде. Еткен еңбек еш кетпейді. Салада ізденіп, өзімді дамытып келемін. Үнемі ізденісте жүріп қана адам саласындағы жұмысын дамыта алады деп ойлаймын»,- дейді Сұлушаш Шәкірханқызы.
Бұл ретте полиция капитаны Сұлушаш Шәкірханқызы сан салада, түрлі кітаптар оқитынын айтады. Атап айтқанда нумерология, астрология саласындағы кітаптарға көбірек көңіл бөлетінін де назардан тыс қалдырмайды.
Өзімізге жүктелген жауапкершілікті жоғары деңгейде орындау үшін жұмысқа ерте келіп, кеш қайтатын кездеріміз де көп болады. Жұмыс, жұмыс деп отбасымды әрине ұмытып кетпейсің. Айтпағым, жолдасым да, отбасым да үнемі барлық кезде қолдау білдіретіні үшін алғысымды айтқым келеді, — дейді полиция капитаны.
Абыройлы жұмыстардың арқасында арнайы алғыс хаттармен марапатталған бұрымды полицей отбасында аяулы ана. Ұл-қыз өсіріп, тәрбиелеп отырған ана полицейдің ендігі арманы ертеңгі ел болашағы жас толқын мен елдің амандығы.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...