12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Білім саласындағы жаңашыл әдістер

   Қазақстанның білім берудегі басты мақсаты — көшбасы мемлекеттердің қатарындағы елдердің білім беру жүйесіне кіру. Бәсеке үдерісінде адам ресурсын сапалы дамытудың маңызы өте зор, сондықтан нарықтық экономикаға бейімделген бәсекеге қабілетті, жаңа заманда жаңаша ойлайтын, кәсіби құзыретті жеке тұлғаны дайындау шарт. Білікті маман даярлау – жоғары оқу орнының  біртұтас  құрамдас бөлігі, оның негізгі субъектісі ЖОО оқытушысы болып табылады.Жоғары оқу орнында білім беру жүйесінде түрлі әдістер бар.Сол әдістерге кеңінен тоқталсақ:

*Белсенді әдіс-сабақ барысында оқытушы мен студенттің белсенді өзара әрекет формасы негізінде анықталып, студент тыңдаушы емес, белсенді қатысушы роліне еніп, оқытушымен бірдей деңгейде сабаққа атсалысады.

*Жұптасқан әдіс-бұл өң бойына оқу материалын репродуктивтік, проблемалық, интеграциялық және диалогтік баяндау элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі.

*Интербелсенді әдіс-тек қана оқытушы мен студент арасында белсенділікке ғана студент пен студент арасындағы өзара пікірталасқа, ой бөлісуге, өзара бірлесіп негізгі мәселелерді шешуге бағытталған.

*Пікірталас әдісі-оқу материалының пікірталас тудыратын тақырыбын қарастыруға, талдауға бағытталған және білім алушылардың әр түрлі ұстанымдарын бір арнаға тоғыстыратын оқыту тәсілі.

*Шағын топтар әдісі-оқу материалының жалпы сұрақтары жекелеген өзіндік сұрақтарға ажыратылатын және білім алушылар топтары арасына бөлініп берілетін, студенттер өздігінен немесе оқытушының көмегімен хабарлама әзірлейтін оқыту тәсілі.

*«Тірек конспектілер» әдісі-оқу материалын меңгеру мен бекіту ақпарат көздеріне (оқулықтар, сөздіктер, анықтамалықтар, дәріс конспектілері және т.б.) қарай бірнеше рет қайталау нәтижесінде жүзеге асатын оқыту тәсілі.

Жоғарыда аталған әдісер мен қатар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру және ғылыми-инновациялық қызмет нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған даму бағдарламасын іске асыруда. Біздің университет QS жаһандық рейтингінде әлемдегі ең үздік университеттер қатарында,сондай-ақ ұлттық және халықаралық рейтингтерде алдыңғы орындарда екені баршаға мәлім. Университет елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін арттыру үшін  ғылым мен білім берудің нақты интеграциясына бағыт алды. Әлемнің жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен стратегиялық әріптестік жүзеге асырылады. Қос диплом бағдарламалары, халықаралық жобалар,және білім алушылардың академиялық ұтқырлығы табысты жүргізілуде.

Турсынкулова Д.А

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты

Мизаш Артур

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

заң факультетінің магистранты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-жалпыға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Тергеу мекемесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тығыз жұмыс атқарады

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Велосипед ұрлаған азаматқа жаза өтеудің міндеттері түсіндірілді

Жуырда Қызылорда қалалық пробация есебіне алынған Р. есімді азаматқа...

ҚАЖД басшысы сотталған әйелдерді Жауғаштыға қабылдады

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Глава ДУИС принял осужденных женщин в Жаугашты

Начальник Департамента уголовно-исполнительной системы по городу Алматы, Алматинской области...