spot_img
spot_img

Ұлағатты ұстаз 60 жаста!

Құрметті Данияр Алтайұлы!

        Сізді 60 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Өзіңізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Еңбек жолын «қара шаңырағымыз» ҚазҰУ-де қатардағы оқытушылықтан бастап Қазақ еліне белгілі де беделді ғалым атандыңыз, ол — сіздегі терең білім мен берік ұстаным, үлкен азаматтық қасиеттеріңіздің арқасы. Бүгін де Жетісу университетінде жоғары кәсіби дәрежеңіз бен жұмыстағы жауапкершілік, басшылық қызметтегі қағидашылдығыңыз бен саясаттағы төзімділігіңіздің нәтижесінде абыройлы қызмет атқарып келесіз. Сіз бастаған ұжымның, еліміздің әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы — білім жүйесінің нығаюында өзіндік үлесі бар.

Ел экономиканың кәсіптік сипаты түбегейлі өзгеріске ұшырап, жаңа конгитивтік экономиканы қалыптастыруда кәсіби біліктілігі жоғары, шығармашылық әлеуеті жан-жақты, еліміздегі жаңғыру үрдісін шетел тәжірибесімен ұштастыратын ғалымдардың қатарынан өзіңізді көруіміз заңдылық. Ұлы Абайша «Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға бәрі анық». Ғылымның «тар жол, тайғақ кешуінен» жасқанбай, осы жолда аянбай еңбек етіп, ғылымды атақ-абырой үшін іздемей, шынайы өмірлік мұратқа айналдырып, ғылым жолында асқан асуларыңыз біздің көз алдымызда.

Сіз байыптылығыңыз бен іскерлігіңіз, кәсіби шеберлігіңіз бен жоғары біліктілігіңіз әлдеқашан танылған тұлға, қамқор да талапшыл басшы, ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі анық.

Адам өмірінің асыл шағы, асқар белі — 60 жасқа өміріңіз қуатты, көңіліңіз шуақты қалпыңызда жеттіңіз! Осы қарқыныңыздан қалмаңыз, шабысыңыздан танбаңыз. Қазақтың Шерағасы «алпыс жасты – тал-түс» дейді. Олай болса, алпыстың асуында білімнің биігіне, ғылымның асқарына талмай, өрлей беріңіз.

Қадірлі Данияр Алтайұлы! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілден зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға амандық және бақ-береке тілейміз.

    Әл-Фараби атындағы

    Қазақ Ұлттық университеті КЕАҚ

    Басқарма Төрағасы – Ректор

Ж. Түймебаев      

Біз студентімізді мақтан тұтамыз!

25 ақпан 2023 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің...

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

24 ақпан 2023 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінде...

Мүмкіндіктер мекені қара шаңырақ — ҚазҰУ

Алатау бөктеріндегі әсем қала Алматыға арман қуып, білім іздеп  келген...

Заң факультетінде «Ашық есік» күні өтті

Қазақ ұлттық университеті – іргелі білім ошағы, ғылым мен...

ИННОВАЦИИ КАЗНУ ИМ. АЛЬ-ФАРАБИ

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошел пресс-тур для...