12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сарқылмас білім кені – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ХХ ғасыр қазақ даласына көптеген оң өзгерістер мен игілікті бастамалардың жүзеге асырылған ғасыры болды. Талай жылдар бойы тұрақсыз саяси жағдайдың, көшпенді тұрмыстың әсерінен әлемдегі көптеген жаңалықтар мен игіліктерден шет қалған қазақ елі, біртіндеп әлем қатарлы ЖОО орындарын ашып, ғылымға деген алғашқы қадамын баса бастады. Қазақ жеріндегі сөне бастаған білім шоғын Алаш қайраткерлері үрлеп, қайта жақты десек артық айтқанымыз емес. Қазақ жерінде ЖОО-ның ірге тебуі де сол ХХ ғасырда үлесінде болып тарихта қалды. Бүгін де арқасы сонадайдан көз тартатын, оқығаны да оқымағаны да, тіптен шетелдегі қаракөз қандастар да атына қанық, қазақ білімінің қара шаңырағы аталып кеткен Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің де ірге тасы сол ХХ ғасырда қаланған еді.

1934 жылы бой көтерген бұл жоғарғы оқу орыны, тәуелсіздік алған жылдарға дейін – С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті аталып келді. Бұл  ЖОО орынынан қазақ елінің мүдессі үшін маңдай терін, көз майын аямаған ғалымдар мен профессорлар, қазақтың жазба әдебиетінің томын қалыңдатқан жазушылар, қазақ тілінің қаймағын кілкіген ақындар, танымал саяси және қоғамдық қайраткерлер білім алды. Еліміз енді Тәуелсіздігін алып, білікті маман мен басшыдан таршылық көргенде де осы ҚазҰУ түлектері жерге қаратпады. Еліміздің бүгінгі бағытын айқындап, өз алдына соқпақ салып кетуінің өзі сол тұстағы білікті мамандар мен білгір саясаткерлердің арқасы деуге болады. Сол алғыс алған абыройлы жандардың ҚазҰУ-да дәріс тыңдамағаны, ҚазҰУ қалашыған араламағаны жоқ десек, және қателескендік емес деп ойлаймыз. Иә, сөз басында Тәуелсіздікке енді жетіп, тәй-тәй басқан мемлекеттің өз соқпағын салуға Қара шаңырақ студенттерінің үлес қосқанын тілге тиек еттік. Ал, енді бүгінгі таңда сол соқпақ даңғыл жолға айналып, одан арман күре жолға айналып бара жатыр. ҚазҰУ студенттері бүгінгі зайырлы мемілекетімізбен бірге дамып, ел дамуына үлес қосқанын тоқтатқан емес. Жыл сайын түлеп ұшқан жас мамандар еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті қызмет етіп, ел дамуына тынымсыз үлес қосып келе жатыр. ҚазҰУ-дың жетістікке жеткен түлектерінің баршасы, ЖОО-дағы тиімді бағдарлама мен қолайлы жағдайдың арқасында ғылым жолында, құқық қорғау органдарында, білім беру мекемелерінде алған білімін тиімді пайдаланудың арқасында басшылық қызметтерде отырғандарын жасыруға болмас.

90 жылға жуық тарихы бар бұл оқу орынының бүгінгі материалдық базасы тиісінше толыға түскен. Болашағын сеніп тапсырған жастың талпынысын қуаттап, ең білікті кадрларға дәріс оқытып, әлемнің озық технологияларын студенттердің емін-еркін қолдануына берген, мол мүмкіндіктер мекеніне айналып үлгерді.

Бір ғасырға жуық шәкірт тәрбиелеп келе жатқан біздің университетіміз, бүгінде қазақ жастарының ғана емес, шетел жастарының да қызығушылығын оятып отыр. ҚазҰУ-да білім алуға бүгінде ел жастары ғана емес, жоғарыда айтқандай шетелдік жастар да құлықты. Университет басшылығы әлемдік ЖОО орындарының тәжірибесін ескере отырып, шет мемлекет жастары арасында түрлі гранттар ойнатып келеді. Бұл да болса ҚазҰУ-дың әлемдік деңгейдегі оқу орыны екенінің айшықты бейнесі болса керек.

Бүгінгі ҚазҰУ студентінің хәл-ақуалы қандай, бос уақытын тиімді пайдалана алып жүрме деген сұрақтарға жауап іздеп көрсек. Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидың аты берілген университет, ұлы бабамыз армандаған қайырымды қаланың кішігірім нұсқасы десек артық айтқандық емес. ҚазҰУ қалашығы өзінің сән-салтанатымен, думанды жастарымен жастар бақшасына айналды десек артық айтқандық емес. Қара шаңырақ тіптен романтиканың да бесігі десек артықтық етпес. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген бойжеткендер мен бозбалалар, осынау сыр мен сыйқырға толы ҚазҰУ бағында серуендеп жүріп өмірлік серіктерін жолықтырып жататыны таңғаларлық көрініс емес. Сонымен қатар ҚазҰУ жастары құрған түрлі ұйымдардың нәтижесінде, университеттің түрлі іс-шаралары мен қоғамдық істеріне студенттер құлшына ат салысып жүргендіктері тағы бар. Университеттегі студенттік ұйымдар, мемлекеттік үлкен ұйымдардың кішігірім бөлшегі болып саналады. ҚазҰУ-да белсенді болған студент, кейін оқуын тәмамдағасында, елдегі түрлі саяси оқиғалар мен экологиялық қозғалыстарға, қоғамдық жұмыстарға емін-еркін сіңісіп, еліміздің түрлі салаларда дамуына өз септігін тигізіп келеді. 

Студенттерге қызмет көрсететін, қалашық ішінен құрылған «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы студенттердің барлық мәселелеріне бей-жәй қарамай, студенттердің мұқтаждықтарын барынша шешуге, уақыттарын барынша үнемдеуге ат салысып келеді. Интернет орталығы, жоғары сапалы компьютерлермен жабдықталған бұл орталық студенттердің ғаламтордан керегін тауып, білімін өз бетімен шыңдауына барынша мүмкіндік жасап отыр. Сонымен қатар жаңа жабдықтармен, әлемдік стандарттарға сай жабдықталған спорт кешені студенттердің бос уақыттарын өткізетін, сүйікті орынға айналып үлгерді десек артық емес.

Бүгінгі таңда, еліміздегі ғана емес, әлемдік үздіктердің қатарына қосылып, жыл сайын өсіп келе жатқан оқу орны әлі де талай жастың арманын аялап, талабын ұштары анық. Жыл сайынғы жастарға қатысты түрлі инновациялық жобалар, әр түрлі шаралар мен форумдардың  өткізіліп келе жатқаны баршаға аян. Жас талабын қолдауда Ұлттық университет ешқашан аянған емес, аянбақ та емес!  Қара шаңырақтан тәрбие алып өскен ұрпақ қандай болатыны елге белгілі.  Міне, осы қара шаңырақта тәлім алып, өсіп-өнген ұрпақты ертеңгі ел болашағы, ертеңгі қазақ елінің бүгінгі бет-бейнесі деп айта аламыз.

ҚазҰУ-дегі он алты факультеттің қай-қайсысында болмасын сен тұр, мен атайын дейтін талапты жастар өсіп келеді. Әр мемлекеттің ең бастысы азаматтарының құқығы мен бостандығы, өз қақын ешкімге жегізбеуі немесе біреудің қақына қол сұқпауы деп алсақ, осы орайда ҚазҰУ-дың заң факультеті туралы бірер сөз айта кеткіз келеді. Жоғары санатты, алыс-жақын шетелден тәжірибе алған, бірнеше шет тілдерін білетін білікті мамандар дәріс оқитын, пайымды, парасатты қызметкерлер қызмет ететін бұл факультеттің мойынына артылған жүк пен жауапкершілік мол. Бұл сөзімізбен басқа факультеттерді төмендетейік, иә заң факультетін зор көрсетейік деген ниетіміз жоқ. Қай елде болмасын ең әуелі адам құқықтары, олардың бостандықтары мен заңды мүдделерінің бірінші орында тұратыны белгілі. Яғни, азаматтарының құқығы қорғалған елде ғана білім мен өнер жапырақ жайып, мәуелі алып бәйтерекке айналатынын дүниежүзілік тәжірибе айқын көрсетті. Ал, елдегі тыныштық пен адам құқықтарын сақтайтын бірден-бір мамандар заң факультетінде тәрбиеленетіні хақ. ҚазҰУ заң факультеті азаматтық қоғамға негізделген әділетті Қазақстанның бірден-бір бас мамандарын даярлауға зор үлесін қосып отыр деп нық сеніммен айта аламыз. Жоғары деңгейде жасалған қолайлықтар мен сапалы білім алған студенттеріміз, ел тыныштығы үшін, ел азаматтарының құқықтары үшін еңбек ететіндіктеріне сеніміміз кәміл. ҚазҰУ дәрісханаларында тыңдаған дәрістері мен кітапханадан жиған білімін шынайы өмірге тиімді қолданып, қазақ елін құқықтық негізде құрылған әлем елдерінің алдына шығарады деп нық сеніммен айта аламыз.

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ, заң факультетінің

оқытушылары; Ш.Б. Маликова,

Г.М. Атаханова,

О.Н. Тлепбергенов,

А.Б. Избасова,

С.Б. Маликов

Организация работы в студенческом научном клубе кафедры

(на примере кафедры уголовного права, уголовного процесса и криминалистики...

Бейбітшілік — баға жетпес байлығымыз

Дана халқымыз «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел...

Бәсекеге қабілетті сапалы білім — ел дамуының негізі

Қазіргі әлем дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ғылым біздің...

ҚазҰУ — білім мен ғылымның қара шаңырағы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының...

ҚазҰУ — жарқын болашақ кепілі

15 қаңтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылған күні....