12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Заң  саласының майталманы

Заң-заң тілінде ғана сөйлеп, соған лайықты жұмыс жүргізілуі тиіс. Өте күрделі, әрі жауапты сала болғандықтан әр заңгерден терең білім, биік парасат, көкжиегі кең таным-түйсік, іскерлік, сонымен бірге жылы жүрек талап етілетіні сөзсіз. Жоғарыда аталған барлық теңеу заң ғылымдарына өшпес із қалдырған Елеген Қайыржановқа арналған. Еліміздегі заң саласына сіңірген еңбегін ескере отыра,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы жыл сайын  «Қайыржанов оқуларын»өткізіп отырады.

Ғалымның еңбек жолына құрмет ретінде 2012 жылдың 27 қыркүйегінде кафедра меңгерушісі з.ғ.д., профессор Джансараева Рима Еренатовнаның ұсынысы бойынша заң факультетінің ғимаратында Е.І.Қайыржанов аудиториясы(425 кабинет),ғалымның атына мемориалды тақта ашылған болатын.

Жалпы Е.Қайыржановтың еңбек жолына тоқталып өтсек,қылмыс объектісінің мәні мен құрылымын анықтау арқылы қылмыстық құқық теориясын жазуға көмектескен.Әдістемелік тұрғыдан ол Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі нормаларды әлеуметтік құнды игіліктер – қоғамның, мемлекеттің, жеке адамның мүддесі түріндегі қорғалатын объект позициясынан құру қажеттілігін алға тартты.Елеген Ізтілеуұлы еңбек жолында бірқатар заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасының кодекстерін, «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы»  заңын және т.б. Заң шығару, конституциялық құқық, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық ағарту мәселелері бойынша ірі халықаралық форумдарда еліміздің атынан қатысты. Шет ел заң ғалымдары мен зерттеушілері Е.Қайыржановты өзіндік ерекшеліктерімен, криминогендік процестерді терең түсінуімен ерекшеленетін еңбектерін негізге алуда.  Елеген Ізтілеуұлының тағы мақтан тұтар тұсы ол Санкт-Петербург криминологиялық клубының мүшесі. Заң ғылымдарының докторы,профессор Е. Қайыржанов  150-ден астам ғылыми еңбектің авторы, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмысты ескертуге байланысты, көше қылмысы, адвокаттық қорғау тактикасы, жеке мүлікті тонау сияқты салаларға байланысты жазылған 12 монография жазған.Ол кісінің жетекшілігімен 70-тен астам шәкірт кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғады.Бүгінде ғалым тәрбиелеген жандар қоғамның түрлі салаларында қызмет атқаруда.

Заңғар заң­гер, ұлағатты ұстаз, парасаты мол, пайымы биік Елеген Ізтілеуұлы Қайыржановтың заң саласына сіңірген еңбегі жадымызда жаң­ғы­рып, жарқырап тұра бере­тініне сенімім кәміл. Ол кейінгі ұрпаққа еліне деген ерен еңбек пен биік мұраттың өшпес өнегесі мен үлкен үлгісін көрсетіп кетті деп есептеймін.

əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультетінің қылмыстық құқық және іс жүргізу,  криминалистика кафедрасының оқытушысы

Заң ғылымдарының магистранты Досумбекова Мейрманкул Тілешқызы

ҚазҰУ — жарқын болашақ кепілі

15 қаңтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылған күні....

ҚазҰУ студенттерінің «Кереметі»

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстандағы көшбасшы білім ордасы....

Тәртіп бар жерде білім бар

«Басты құндылық – адам» деген ұстанымдағы қоғамда өмір сүріп...

90-летие КазНУ им. Аль-Фараби — гордость нашей страны

В 2023 году Казахский национальный университет имени аль-Фараби отмечает...

Роль КазНУ в реализации и достижении программы «Мир, справедливость и эффективные институты»

Программа «Мир, справедливость и эффективные институты» является одной из...