12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қызықты көңіл, студенттік өмір

Студенттік шақ — барлық адамзат баласы үшін бір рет қана берілетін кезең. Осы кезеңді қызықты, пайдалы етіп өткізу әрқайсысымыздың өз қолымызда деп білемін, сол үшін әр сәт пен келіп жатқан толассыз мүмкіндіктерді уақытылы пайдалып, сезіне білу керек. Қазіргі заман — жастар заманы. Болашақ жастардың қолында, ал сол болашақ жастар үркілдеп қайнап шығатын нағыз мекеме — университет қабырғасы.

Өз басыма келетін болсақ, мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, география факультетінің кадастр мамандығының 2 курс студентімін. 4 жыл студенттік өмірдің 2 жылы артта қалды. Дәл осы 2 жыл мен үшін үлкен тәжірбие, өсу, қалыптасу кезеңі болды, себебі университет пен мектеп қабырғасының екі түрлі орта екенін нақты түсіндім. Мектепте біз апайларымызға еркелеп, бала ретінде, еш уайымсыз жүрсек, ал университетте барлығы керісінше екен. Өз арбаңды өзің сүйрейсің, өзіңді тек өзің ғана қалыптастырасың, алып шығасың, қажет болса көтересің.

Жалпылама айтқанда бұл кезең нағыз үлкен өмірге сені барлық жағынан дайындап шығатын өміріңнің белгілі бір кезеңі екен. Осындай берілген мүмкіндікті мен барынша тиімді өткізуге тырыстым. Өзімді ештеңеден шектемедім. Құласаң да, ештене шықпаса да, ауыр болса да мойыма, бір болмаса, екінші, үшінші рет болар деп өзімді әрқашан қанаттандырып отырамын. Дәл осы қасиетімнің маған берер пайдасы көп. Өзге де қатарластарыма айтарым, ешқашан берілмеңіздер, мойымаңыздар, сынбаңыздар! Өмір сынақтардан тұрады, осы кезеңде көтере білсеңіздер барлығын, болашақ өмірде сіздер әрқашан алды да боласыздар. Сабақ оқу, білім алу, өсу, қалыптасудан тыс, бұл кезең өте көп толассыз, қайта келмес қызықты сәттерге толы. Жай ғана қасыңда жүрген өзіңнің группаластарыңмен өткізген әр сәт, жиын, мереке қайта келместей ләззат береді.

Өзіміздің университетімізге айтар алғысым үлкен, бізге осындай дамитын орта, ұстаздар, бар жағдаймен қамтамасыз етіп, қызықты, әрі пайдалы шаралар ұйымдастырып, бізді соның бір көрінісі етіп, ат салыстыра білгені үшін басымды иемін!

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, студенті Арапбек Ғазиза.
Топ жетекшісі: Эдвайзер Жұмабекова И. Д

Организация работы в студенческом научном клубе кафедры

(на примере кафедры уголовного права, уголовного процесса и криминалистики...

Бейбітшілік — баға жетпес байлығымыз

Дана халқымыз «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел...

Бәсекеге қабілетті сапалы білім — ел дамуының негізі

Қазіргі әлем дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ғылым біздің...

ҚазҰУ — білім мен ғылымның қара шаңырағы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының...

ҚазҰУ — жарқын болашақ кепілі

15 қаңтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылған күні....