Білім министрлігі еліміздің барлық мектептерінде сапта әнұран орындауды міндетті етуді ұсынды

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің барлық мектептерінде әнұранды сапта орындауды міндетті етуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жақында ғана біз еліміздің мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын атап өттік. Әрине көп нәрсе білім беру жүйесіне байланысты екенін түсінуіміз керек. Көптеген мектептерде апта сайын сап түзеп, әнұранды орындау бұрыннан жақсы дәстүрге айналған. Менің ойымша бұл біздің барлық мектептер үшін ереже болуы керек. Сондықтан, әріптестер, бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруымыз қажет», — деді ҚР Білім және ғылым министрі ведомствоның аппараттық отырысында.

Асхат Аймағамбетов министрліктің пікірсайыс, оқу мектебі, мектептегі өзін-өзі басқару сияқты басқа да жобаларды әзірлеп, қолдау көрсететінін мәлімдеді.

«Жаңа оқу жылына дайындық кезінде осы мәселелердің барлығын бөлек қарастыруларыңызды сұраймын. Біз бұл процесті бақылайтын боламыз», — деп қосты басқарма басшысы.

Оның айтуынша көптеген мектептерде тәжірибелі директорлардың сабақ басталмай тұрып балалармен кездесуі жақсы дәстүр болып қалыптасқан. 

«Бұл баланың қандай көңіл-күйде келетініне, ата-анасы немесе туыстары баланы әкелгені туралы маңызды ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Барлық мектептер осы ұсыныстарды орындауы қажет», — деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов. 

АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Абай университетінде «Мектеп және жоғары оқу орнындағы білім берудегі...

Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай? 

Қабылдау науқаны аясында ауыл жастары мен әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік квоталар қарастырылған.

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

ҚазҰУ мен Журналистика академиясы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ...

Түлектерден университетке тағылымды тарту

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде Түлектер күнін ауқымды мерекелеу...