12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Білім министрі: Аутист балалар мен олардың ата-аналарына қолдау артады

Елімізде тағы 40-қа жуық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК) ашылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тelegram каналында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр қазіргі норматив бойынша әр 60 мың балаға біреу — 87 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес жұмыс істеп тұрғанын айтады. Олар аутизм спектрінің бұзылуы бар (АСБ) балаларды анықтауға және олардың ата-аналарына кеңес беруге көмектеседі. Енді олардың қатары кеңейтілмек. Жаңа норматив бойынша 50 мың балаға бір ПМПК болады деп жоспарланған. Бұл — тағы 40-қа жуығы ашылады деген сөз.

Сонымен қатар, «Елімізде 211 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және 14 оңалту орталығы жұмыс істейді. Біз аутизмі бар балаларға арналған отандық арнайы даму бағдарламаларын әзірледік. Бүгінгі таңда ППТК бағдарламасы бойынша АСБ бар 2 мыңға жуық бала көмек алып жатыр», — деді министр.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін білім беру бағдарламаларының және балалардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету шаралары қабылданған.

«400-ден астам арнайы оқу бағдарламасы әзірленіп жатыр. Мектептерде педагог-ассистент қызметін енгізсек, енді мұндай мамандарды мектепке дейінгі ұйымдарға да енгізуді жоспарлап отырмыз. Біздің тапсырмамыз бойынша барлық педагогикалық жоғары оқу орнында АСБ бар балаларды оқыту және тәрбиелеу тақырыптарын қамтитын инклюзивті білім беру модульдері енгізілді. Сонымен бірге, олар АСБ бар балалармен жұмыс істейтін педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын өткізеді. Бұл бағытта алдағы уақытта да жұмыстар жалғасады», — деді Асхат Аймағамбетов.

ҚазҰУ студенттері су мәселесі талқылады

  Қазақстан Республикасының тұрақты даму саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес,...

ҚазҰУ студенттерінің белсенді өмірі

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек жоғары білім...

ҚазҰУ-сапалы білім берудің үлгісі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстандағы...

ҚазҰУ-еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелейтін оқу ордасы

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстанның...

ҚазҰУ студенттері кедейлік мәселесін талқылады

Кедейлік-жалпыұлттық өзекті мәселе        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң...