12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Білікті мамандарға мүмкіндік

Еліміздің өркендеп-дамуы, жаңа белеске көтерілуі үшін білікті мамандардың қажырлы еңбегі, күш-қуаты қажет. Маман тапшылығы қай салада да істің ілгері басуын тежейді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 255 Жарлығы негізінде биылғы 1 наурыздан бастап еліміздің барлық өңірлерінде кадрлық резервтерге іріктеу жүргізілуде.

Халық көп шоғырланған мегаполис, экономика дамуының қайнар көзі Алматы қаласының кадр комиссиясы қала әкімі Е.А.Досаевтың төрағалық етілуімен құрылып, Алматы қаласының өңірлік кадр резервіне іріктеудің тәртібі бекітіліп, 30 кандидат іріктелетіні айқындалды.

Алматы қаласының өңірлік кадр резервіне іріктеу индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, цифрландыру және экология  бағыттары аясында жүзеге асырылатын болады.

Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту.

Өңірлік резервке іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі жəне үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар азаматтары қатыса алады. Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Резервте болу мерзімі екі жылдан аспайды.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және тағайындау қағидаларын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының өңірлік кадр резервіне іріктеуді ұйымдастыру бойынша жұмыс тобы құрылды.

           Өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізу туралы халықты ақпараттандыруға, жобаның мақсатын жан-жақты түсіндіруге, жас мамандардың мүмкіндікті дұрыс пайдалануына жол ашуға көп көңіл бөлінді.   

Департаменттің интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру материалдары жарияланды. Алматы қаласы бойынша 72 LED экранда, атап айтсақ,  Республика алаңында, қоғамдық орындарда, автобекеттерде, теміржол вокзалдарында, әуежайда, сауда және ойын-сауық аумақтарында, көшелердің қиылыстарында және т.б. адамдар көп жиналатын жерлерде ақпараттық баннерлер мен бейнероликтер орналастырылып, күнделікті трансляция жасалды. Сонымен қатар, Департаменттің, Алматы қаласы әкімі аппаратының интернет-ресурсында, БАҚ пен әлеуметтік желілерде өңірлік кадр резервтеріне іріктеу өткізу туралы хабарландырулар жарияланды.

Департамент қызметкерлері Өңірлік кадр резервтеріне іріктеуді өткізу тәртібі мен шарттары туралы Алматы қаласының мемлекеттік ұйымдары мен мекемелерінде, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында және өзге де орындарға барып ақпараттық-түсіндіру іс-шаралырын өткізді.

Резервке іріктеудің бірінші кезеңі 1-31 наурыз аралығында өтті, Алматы қаласы бойынша 143 кандидаттың құжаты onir.pkrezerv.gov.kz ресми сайты арқылы қабылданды. Үміткерлердің ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектордың, жеке сектордың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

Іріктеудің екінші кезеңі 5-9 сәуір аралығында заңнаманы білуге арналған тестілеуіне 143 үміткер жіберілді. Тестілеуді ең жоғары баллмен тапсырған 75 кандидат 4-5 мамыр күндері «Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуге» қатысты.

Ал үшінші кезең Астана қаласында Мемлекеттік басқару академиясының базасында 13-28 мамыр аралығында офлайн форматта ұйымдастырылды.

Төртінші кезең кандидат таңдаған салалық бағытқа сәйкес жобаны презентациялау форматында өткізіледі.

Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылымдық сұхбат жүргізу кезеңінде өңірлік резервке қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, БАҚ, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және салалық сарапшылар тартылады.

Соңғы кезеңде резервке кандидаттарды қабылдау туралы ұсыныс шығарылады.

Осындай ашық форматта әрі жан-жақты іріктелген білікті жас мамандар халықтың қамын ойлап, білімі мен білігін, жинаған тәжірибесін мемлекет мүддесіне арнайды деп сенеміз.

ҚР Мемлекеттік қызмет

істері агенттігінің Алматы қаласы

бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет

басқармасының  бас маманы

Жанар Кульбаева

Ауған соғысының ардагерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Атырау облысы ҚАЖ департаменті және оған қарасты мекемелердің қызметкерлері...

В объективе внимания –несовершеннолетние

В последние годы вопросы, касающиеся несовершеннолетних, становятся все более...

Хакатон – форум для программистов 

В Атырау прошел первый этап конкурса «Atyrau Youth Hackathon»,...

О героическом прошлом

80-ЛЕТИЮ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЫ БЫЛА ПОСВЯЩЕНА НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «ПОСТИГАЯ ЛИЧНОСТЬ...

Блэкаут в Европе: проблемы и уроки 

НЕДАВНИЙ БЛЭКАУТ, ОХВАТИВШИЙ РЯД СТРАН ЕВРОПЫ, СТАЛ НЕ ТОЛЬКО...