Түзеу мекемесіне 300-ден аса бейнебақылау камерасы орнатылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен  түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды қадағалау мен бақылауды күшейту және де құқыққа қайшы іс-әрекеттерінің алдын алу мақсатында Қылмыстық атқару-жүйесі мекемелеріне тасымалды бейнетіркегіштер, бейнебақылау камераларын сонымен қатар тасымалды байланыс құралдарын қондыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару-жүйесі департаменті №15 мекемесіне 300-ден аса бейнебақылау камерасы,70-ден аса тасымалды бейнетіркегіштер, тасымалды байланыс құралдарымен қамтамасыз етілуде. Жазасын өтеп жатқан сотталғандардың құқықтарын қорғау мақсатында сотталғандарға қол жетімді жерлерге жасақтарға,асхана,медико-санитарлық бөлімге, қатаң ұстау жасағына,карантин  бөлімшесіне сотталғандардың өтініштерін тіркеуге арналған терминалдары орнатылды.

Атырау облысы бойынша

ҚАЖ департаменті

№15 мекемесінің

режим бөлімінің бастығы

әділет капитаны                                                        Ғ.А.Қазыбай  

Жасанды интеллект — заң білімін дамытудағы жаңа мүмкіндік

Жасанды интеллект қазіргі қоғамның көптеген саласына еніп, білім алу...

Мемлекеттік қызметші — ел айнасы

Мемлекеттік қызметші–мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық...

Дропперлік – қылмысқа апарар қауіпті жол

Дропперлік – бүгінгі қоғам бетпе-бет келіп отырған өзекті мәселе....

            Жеке ұйғарымның орындалуы  

            Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдылықты нығайту мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды құралдарының бірі — соттың жеке ұйғарымы. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің...