12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алыс бекеттерге медициналық пойыз аттанды

Қазақстанда басталған «Медициналық пойыз» жобасы аясында еліміздің шалғай аудандарының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі. Биыл дәрігерлер қатарына медиатор мен заңгер мамандары қосылды. Осылайша 75 мыңға жуық ауыл тұрғыны емдік-кеңес беру қызметін алады деп күтілуде.

26 сәуір Алматы-2 станциясынан салтанатты түрде жолға шыққан «Саламатты Қазақстан» пойызы, ағымдағы жылдың 6 желтоқсанына дейін бүкіл Қазақстан бойынша 120-дан астам станцияны қамтитын болады.  Шараға дәрігерлер мен теміржолшылар, ардагерлер, өнер қайраткерлері, БАҚ және басқа да тараптар қатысты.

Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен және ақпараттық серіктес — Jibek Joly телеарнасымен ынтымақтастықта іске асырады.

«Самұрық-Қазына» АҚ қолдауының арқасында денсаулық пойыздарының шалғай станциялардың тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек көрсетуі игі дәстүрге айналды. Тек 2022 жылдың қорытындысы бойынша 150-ге жуық станцияның 80 649 тұрғыны емдік-кеңес беру қызметін алып, оның ішінде 21 867-сі бала болды. Бұл ретте 5 097 адамға шағын ота жасалып, 26 587 адамға стоматологиялық көмек көрсетілді. Барлығы науқастардың дәрігерлерге қаралу саны 389 388-ді құрады.

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...

Прошел круглый стол по обсуждению проблемных вопросов

26.04.2024 года в межрайонном суде по уголовным делам г.Астаны...