12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бетті бүркейтін киімге қатысты заң қабылданды: ІІМ ерекшеліктерін атады

Сенат «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасын қабылдады. Құжат аясында қоғамдық орындарда бетті жауып, оны тануға кедергі келтіретін киім кию үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

шкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бетті жасыратын киімге қатысты шектеулерді көздейтін заңның қалай қолданылатынын түсіндірді.

«Мысалы, медициналық көрсетілімдер бойынша қандай да бір ерекшеліктер қарастырыла ма? Мұндай жағдайлар нақты құқық бұзушылықтан іс жүзінде қалай ажыратылады?» деп сұрады журналистер вице-министрден.

Әрбір жағдай жеке-жеке қаралады. Айталық, тұмау індеті болып, сіз бетперде тағып жүрсеңіз, қандай сұрақ болуы мүмкін? Әңгіме мүлде басқа жайттар туралы. Шартты түрде айтсақ, естеріңізде болар: Алматыда футбол жанкүйерлері маска киіп, фаерлер жағып, балағат сөздер айтып, жалпы алғанда бір марштағыдай әрекет еткен жағдайлар көп болды. Бұл дұрыс емес. Біз дәл осындай жағдайларды айтып отырмыз: Жігіттер, егер заң бұзғыңыз келсе, біліп жүріңіздер: біздің камералар сіздерді көріп тұр, танып қояды, ертең-ақ табамыз. Біз оларды қазірдің өзінде тауып жүрміз, бірақ енді бұл әлдеқайда оңай болады, — деп түсіндірді вице-министр.

Айтуынша, хаттама бұрыс толтырылған жағдайда анықтама көрсетуге болады.

Ал егер сіз шынымен ауырып жүрсеңіз, әрине, хаттама толтырылуы мүмкін, бірақ соңында ауру екеніңізді растайтын анықтама көрсете аласыз. Біздің ойымызша, бәрі ақылға қонымды түрде жүзеге асады, – деді Игорь Лепеха.

Еске салайық, бұған дейін елімізде қоғамдық орындарда никаб кигендер жазаланатыны айтылған болатын.

Қазақстанның 2025 жылғы ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...

В учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай прошёл конкурс снежных фигур среди осуждённых

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...