12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық бірегейлікті дәстүрлі мәдениет арқылы нығайтудың маңыздылығына, Наурыз мерекесінің ерекше рөліне тоқталды.

Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлігімізді нығайту жолында мәдениет саласы айрықша рөл атқаратынын айтты. Әсіресе, төл мәдениетіміздегі Әз-Наурыз мейрамының орны бөлек.

«Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді. Еліміз Ұлыстың ұлы күнін 14 наурыздан, яғни Амал күнінен бастап, он күн бойы атап өтетін болды. Әр күнге нақты атау берілді. Жұртшылық бұл бастаманы жақсы қабылдады. Әсіресе, Наурызнамадағы «Ұлттық киім күні» қоғамның зор қолдауына ие болды. Ұлттық киімдерге деген қызығушылық арта түсті. Мектептерде, түрлі мекемелерде, сондай-ақ, ірі компанияларда ұлттық киімге мән беріле бастады. Сұранысқа сай тігін цехтары ашылып, жаңа брендтер, дүкендер пайда болды. Осылайша, ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келеді. Бұл – өте жақсы үрдіс.

Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Әсіресе, әйелдердің дәстүрлі киімі өте ғажап көрінеді. Себебі ұлттық киім бұл – біздің бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі. Оны жан-жақты дәріптеуіміз керек», — деді Президент.

ЕҢ ҮЗДІК ҚЫМЫЗ ӨНДІРУШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромында алғаш рет «BaiQymyz – бапталған...

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АУЫР

ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің дерегінше, 2025 жылдың...

ДӘСТҮР МЕН ТАРИХ САБАҚТАСТЫҒЫ

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтары ұлттың ішкі...