Біз Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы, Төребай би ауылы№199орта мектебі
Жұмабаевтар отбасы. «Берік отбасы-есірткіден алыс!» ұранымен есірткіге қарсы бұқара қауымға,жастар мен жасөспірімге үндеуімізді ұсынамыз!
Жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Бірақ,бір нәрсеге мұқтаждық бардай, елеңдеп, қызықшылық іздеп жүретініміз анық. Ол қандай нәрседен байқалады?
Ақырзаман болғанда
…Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады,
Домалақ-домалақ түймедей дәрің болады
Жастарға билігі жүрмейтін кәрің болады
Ертеңіне сенбейтін күнің болады … деген Мөңке бидің ХҮІІІ ғасырда өмір сүріп, бүгінгі ХХІ ғасырдағы келеңсіз, жат нәрселерді дөп басып болжағанына таң қаламын –деген әжеміз -анамның сөзіне мен, Жұмабаев Мұрат, отағасы ретінде толықтай келісемін.
-Әрине, ақырзаман болса бір алапат оқиға болады деп ойлайтынымыз рас. Алайда, бүгінгі қоғамдағы жат көріністер көлеңкесінде жүріп ақырзаман деген осы екен-ау деп те ойлайсың. Жат қылықтар көп қайсыбірін санамалайсың? Ұлттық қасиетіміздің қанына бойлай сіңген шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық деген «күйелер» ұрпағымызды күйретіп барды. Есірткіге қарсы күрес ХХ ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бастап бақылау БҰҰ-ның құзырына көшті. Демек, есірткі деген ақырзаманның көші бүкіл әлемді шарлаған болып отыр. Бір есірткі адамдарға алуан түрлі әсер ете алады:адамның тыныс алуы, жүрек соғуы, қан айналымы өзгеруі ықтимал.Мен-отағасы-әке болғандықтан болашағымыз-жастардың денсаулығына бей-жай қарамай, спортпен айналысып, салауатты өмір сүруге шақырамын!
Отанасы ретінде айтарым: — Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның мәнді де мағыналы ұзақ өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адамның денсаулығы. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, жоғалтуға болмайтын, жоғалса қайта орнына келуі қиын асыл қазынасы.Сондықтан,балаларыма дәрумендерге бай табиғи өнімдерден ас әзірлеп беремін және барша қауымға пайдалы,дұрыс тағамдарды тұтынуға шақырамын.
Есірткіні көп қабылдау-оның адам ағзасы көтере алмайтын шамадан тыс көп мөлшерін қолдану. Есірткіні тым көп қабылдаса, адам есінен танып,өліп кетуі мүмкін. Бұл да адамның өзіне-өзі қол жұмсауы деген сөз. Артыңда аңыраған ата-анаң қалады. Ата-анаң: Балаларым, өмірімнің жалғасы, біреуің шаңырағымның отын сөндірмейтін иесі болсаңдар, енді біреуіңді ұрпағымды әлдилер ана болар, мақтанышым,бақыттым болар деп армандайды.
Біз Жұмабаевтар әулеті: Дені сау ақыл ойы дамыған, санасы сауатты ұрпақтар жалғастығын дамыту — ерік-күші мықты ,рухани дүниесі терең, ұрпағын киелі бесікте тербеткен, халықтың үлгісін алған, мәңгілік елдің болашағы жастардың қолында. «Бақытым баламда» деген қазақ аналарының үмітін ақтауға,болашақта Отанын қорғайтын денсаулығы мықты, санасы сауатты азамат болуға , ертеңіне сеніммен қарайтын аналардың үзігін жалғайтын азаматша болуға шақырамыз!
№199 орта мектебінің «Тыныштықовтар» отбасы
10-сынып оқушысы Тыныштықова Нұрдана Мұратқызы
#есірткігеқарсы, #противнаркотиков