12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Береке басы – бірлікте

Дана халқымызда:

«Берекені көктен тілеме,

Бірлігі мол көптен тіле»,- деген тағлымы мол тәлімді сөз бар. Осы даналық дәл қазіргі уақытқа дөп келіп тұрғандай. Олай дейтініміз, бір ел емес, бүкіл әлем жұрты, жер беті үшін қауіпке айналған дерт адамзат атаулыны алаңдатып отыр. Бұл қатарда біздің ел де бар. Қазіргі күнде Қазақстан аумағында дерттен сақтану, оның алдын алу мақсатында карантин жарияланды. Соған орай, жергілікті тұрғындар да барлық сақтық шараларын сақтауға міндетті. Сол себепті, осындай сын сағатта азаматтар өкпе-реніш, талас-тартысқа бой алдырмай, береке-бірлікке ұмтылса, сол әрекеттерімен жақсы күндерге жол ашары хақ.

Еліміздің Жоғарғы Соты коронавирустың таралуына байланысты бірқатар шара қабылдады. Мысалы, процестік мерзімдері бар сот істерін қарау кейінге шегерілді, мұның ішінде тоқтата тұру, кейінге қалдыру, мерзімдерін ұзарту және т.б. бар. Бейнебайланыс, «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы сот процестері ақпараттық технологиялардың көмегімен қашықтықтан жүргізіледі. Республиканың барлық сотында азаматтарды жеке қабылдау төтенше жағдай аяқталғанға дейін тоқтатылды. Қабылданып отырған шаралар азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерді барынша азайтуға бағытталғандықтан, халық мұны дұрыс түсінулері керек.

Айтып отырған жайттарды тізудегі мақсатымыз, өмір болған соң дау-дамай туындамай тұрмайды. Алайда, жұртшылық осындай қиын-қыстау күндері «жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартадының» керін келтірмей, кез келген даулы мәселені өзара келісіммен шешуге тырысса нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, уақыттың өзі соны талап етіп отыр. Және бітімгершілік бізге жат емес.

Елімізде Медиация туралы заң жұмыс істейді. Азаматтық іс жүргізу кодексінің бір тарауы түгелдей татуластыру институтына арналды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты тарапынан сот жүйесінің әрі қарай дамуына жаңа серпін беретін түрлі шара жүзеге асуда. Солардың бірі – Бас судья Жақып Асанов ұсынған «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасы. Аталған жобаның бір бағыты – «Татуласу:сотқа дейін, сотта». Жобаның басты мақсаты – халықтың санасын өзгертіп, қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендету және дауларды келісім арқылы тиімді шешу мүмкіндіктерін жоғарылату. Бұл жоба «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Ұлт жоспары — реформаларды жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламаларындағы Елбасы тапсырмаларының аясында жүзеге асуда. Осы аталған бағдарламаларда дауларды соттан тыс реттеу жолдарын барынша жетілдіру көзделген. Яғни, бұл күні соттар сотқа кез келген себеппен бара беретін дағдыны өзгерту бағытында жұмыс істеуде.

Бабаларымыз «Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса -төбедегі келеді»-дегенді бекер айтпаған. Сондықтан, біздің айтқымыз

келгені, дау атаулыны шешудегі ең тиімді жол – медиация. Онда ұтқан не ұтылған жақ болмайды, елімізде азаматтардың араздықты өзара келісіммен бітіруіне барынша жағдай жасалған. Сол мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Бітімгершілік – береке бастауы екенін ұмытпайық.

Жанар Ибрагимова,

Алматы облыстық мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Судьялар съезінің маңызы зор!

Биылғы жыл Қазақстан Республикасы судьялар съезінің ІХ рет өтуімен...

Сенім  – заңды білуден басталады

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі –  сабырсыздық, шыдамсыздық, яғни...

Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Азаматтық істі қараған кезде белгілі жағдайларда талап қою оңайлатылған...

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар

АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар...

Көлікті мас күйде басқарудың жауапкершілігі жоғары

Жол көлік оқиғаларын барынша азайту қазіргі таңда қоғамның алға...