Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының тұрғындарымен қоштасу сәтінде жылап жіберді

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев аймақ тұрғындарымен қоштасты. Шығарып салу кезінің видеосын облыс әкімінің баспасөз қызметі Instagram-да жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сапарбаев өзін шығарып салуға келген адамдарға өзінің және отбасының атынан алғыс айтты. Кешірім де сұрады. Бір сәтте бұрынғы әкім көз жасына ерік берді.

«Мені қолдап, бүгін келгендеріңіз үшін көп рақмет. Мені шығарып саласыздар деп ойлаған жоқ едім. Шамам келгенше Әулиеата жері жақсарсын, халықтың жағдайы дұрыс болсан деп жұмыс істедім. Кішкене бір нәрселер болса кешірерсіздер. Бірақ ең негізгісі қолдағандарыңызға, уақыт бөліп келгендеріңізге мың да бір рақмет», — деді экс-әкім.

Бердібек Сапарбаев 2020 жылдың ақпанынан бастап Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды. 2022 жылғы 7 сәуірде Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды. Өңірдің жаңа әкімі болып Нұржан Нұржігітов тағайындалды.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.