Белсенді өмір сүру орталығы ашылды

Аршалы кентінде белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Салтанатты шарада зейнеткерлерді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құттықтады.

«Біз аға буын өкілдерінің өмір сапасына ерекше көңіл бөлеміз. Мұндай орталықтар денсаулықты нығайтып қана қоймай, адамдардың белсенді, əрі қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік береді», – деді өңір басшысы. Орталықтың негізгі мақсаты – егде жастағы азаматтарды əлеуметтендіру, оларды мəдени, шығармашылық, спорттық жəне іскерлік өмірге тарту, сондай-ақ олардың физикалық жəне менталдық денсаулығын нығайту. Осы бағытта орталықта түрлі қызметтер қарастырылған: сауықтыру гимнастикасы, йога, пилатес жəне тренажер залы сияқты дене шынықтыру сабақтары, шығармашылық жəне білім беру үйірмелері, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету, цифрлық сауаттылықты арттыру, зияткерлік жəне үстел ойындары, сондай-ақ қызығушылық клубтары жұмыс істейді. Сонымен қатар келушілер заңгерлік жəне медициналық кеңестер ала алады, тақырыптық іс-шаралар мен командалық ойындарға қатысады. Алдағы уақытта бейінді мамандарды тарту арқылы домбыра үйрену жəне хореография бағыттары да енгізіледі. Бұған дейін мұндай орталықтар Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларында, сондай-ақ Зеренді, Целиноград, Жарқайың, Ерейментау, Атбасар жəне Ақкөл аудандарында ашылған.

А.ТОҚАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТАЛАПТАР

2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына кері әсер ететін...

Медиация – тараптарды татуластырудың қуатты құралы

Дауласқан екі тараптың дәйегін сабырлықпен тыңдап, екі жақтың да...

Неке бұзылған кездегі отбасындағы кәмелетке толмаған балалардың жағдайы

          Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған...