Белгілі театр режиссері Есмұхан Обаев дүниеден өтті

Белгілі актер, Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері Есмұхан Обаев дүниеден озды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram желісіндегі арнасында Қазақстанның халық әртісі, белгілі актер, театр режиссері, профессор, платиналы «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты Есмұхан Обаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтты.

«Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын қазақ театр өнерінің дамуына, сахна мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық режиссура мен актерлік мектептің қалыптасуына арнаған көрнекті тұлға болатын. Ұлт мәдениетінің мерейін өсірген, театр өнерінің абыройын асқақтатқан ардақты азамат қай кезеңде де өнерге адалдықтың, кәсібіне жауапкершіліктің үлгісін көрсете білді. Ол тәрбиелеген буын, сахналаған туындылар мен қалыптастырған көркемдік ұстаным қазақ театрының алтын қорында қала бермек.

Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Есмұхан Несіпбайұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз», — делінген хабарламада.

Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сайтындағы мәліметке сүйенсек, Есмұхан Обаев Қазақ КСР-інің халық әртісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор.

Әр жылдары Обаев Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының қоюшы-режиссері, Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері, Семейдегі Абай атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі және бас қоюшы-режиссері қызметтерін атқарды.

1994 жылдан 1997 жылға дейін Мәдениет министрінің орынбасары, Білім және мәдениет министрлігі Мәдениет департаментінің басшысы болды.

1997 жылдан 2001 жылға дейін — Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары.

2001 жылдан 2013 жылға дейін Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі болды.

2013 жылдан бастап Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс берді.

Режиссер ретінде Обаев 50-ден астам спектакль қойды, оның ішінде Әуезовтің «Абай», «Айман — Шолпан», Гогольдің «Ревизор», Сапарбайдың «Сыған серенадасы», Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді», Исабековтің «Балуан Шолақ», Толстойдың «Анна Каренина» деген туындылары бар.

Такси жүргізушілеріне жаңа талап енгізілді

Қазақстанда такси тасымалдаушыларына қойылатын талап күшейтілді.

Хайп қуып табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргенге айыппұл салынады

Соңғы кеззде әлеуметтік желілерде видео жариялап, хайп қуу мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру деректері жиілеген.

Елімізде ҰБТ-2026 басталды: Тестілеу 10 шілдеге дейін жалғасады 

Қазақстанда негізгі ҰБТ-2026 басталды. Тестілеу науқаны 10 шілдеге дейін жалғасып, ел бойынша 45 тестілеу орталығында өтеді.

Қазақстандағы көпбалалы аналар: Елде қанша «Алтын алқа» иегері бар 

Қазақстан өңірдегі туу көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғары әрі көпбалалы отбасылар саны тұрақты өсіп келе жатқан мемлекеттердің бірі болып қала береді.

Мамыр айында қанша күн демаламыз?

9 мамыр - Жеңіс күні. Мерекеге орай Қазақстан азаматтары...