Беларусь ресми түрде ШЫҰ мүшесі болды

Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті басталды. Беларусь Республикасы ресми түрде ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Беларусь ресми түрде ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды, ел ұйымға қабылданды.

«Бүгін Астанадағы саммитте ұйымымызды одан әрі кеңейту туралы маңызды шешім қабылданады. Осыған байланысты Беларусь Республикасының президенті, құрметті Александр Григорьевич Лукашенкоға сәлем жолдаймын. Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына толық мүше болу жолында қажетті рәсімдерді орындады. Егер қарсылық болмаса, отырысты Беларусь Республикасының ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құрамына қабылдау туралы құжаттарға қол қою рәсімінен бастауды ұсынамын», — деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, 3-4 шілдеде Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.