Беларусь «Еуровидениеге» қатысу құқынан айырылуы мүмкін — БАҚ

Еуропарламенттің швед депутаты Карин Карлсбро Еуропалық хабар тарату одағына Беларусьті «Еуровидение» халықаралық музыкалық байқауына қатысу құқынан айыру туралы талаппен хат дайындап жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Eurovoix порталының хабарлауынша, Карлсбро либералды партиясының депутаты, Еуропарламент делегациясы төрағасының орынбасары хатты Еуропалық хабар тарату одағына ЕП депутаттарының қолымен қоса жолдауға ниетті.

Бұған дейін Беларусь оппозициясының жетекшісі, президенттікке экс-үміткер Светлана Тихановская ЕО елдерінің сыртқы істер министрлері деңгейінде республиканың ең ірі мемлекеттік медиа-холдингі «Белтелерадиокомпаниясын» Еуропалық хабар тарату одағынан шығару туралы мәселені көтергісі келетінін мәлімдеген еді. Өз кезегінде, билікті сынға алған мәдениет қайраткерлеріне қолдау көрсететін Беларусь мәдени ынтымақтастық қоры «Белтелерадиокомпанияны» Еуропалық хабар тарату одағынан шығару бағдарламасын іске қосып жатқанын хабарлаған. Ал медиа-холдинг «Еуровидение» ән байқауын ұйымдастырады.

«Белтелерадиокомпания» Eurovision ұлттық іріктеу жобасын және ән байқауын елдегі Еуропалық хабар тарату одағының жалғыз өкілі ретінде ұйымдастырады. Медиа-холдинг Беларусьтегі президент сайлауынан кейін оппозиция тарапынан сынға алынған болатын.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...